Алматы облысы, Балқаш ауданы
"Бөбек" балабақшасының тәрбиешісі
Қожабекова Қарлығаш Қыдырбекқызы
Білім беру саласы: "Коммуникация" Көркем әдебиет
Тақырыбы: "Жабайы аңдар"
Мақсаты:
БМ: Әңгіменің мазмұнын сурет бойынша әңгімелеу.
Дм: Жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту,
ТМ:Оларды қорғауға,қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Ұйымдасыру кезеңі
Балалар шеңбер бойына тұрып,төмендегі өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауа да салайық
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Балаларға сыйлайық.
- Бәрекелді, қандай тамаша: Мен сендер сияқты ақылды, сүйкімді, тәртіпті балалардың болғанына өте қуаныштымын. Енді бәріміз орнымызға барып жайғасып отырайық.
Кіріспе әңгіме
Теледидардан жабайы аңдарды көрсету. Балалар, сендер хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?
Олай болса, біз бүгінгі оқу қызметінде жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. Суреттер бойынша әңгімелеу.
- Суретте қандай аңдарды көріп тұрсыңдар? Жабайы аңдар
- Жабайы аңдарға нелер жатады.
- Неліктен жабайы аңдар дейміз?
- Олар қай жерде мекендейді? Орманда жүреді
- Аю балаларымен не істеп жатыр? Ойнап жатыр
- Аюдың баласын қалай атайды? Қонжық
- Қасқырдың баласын қалай атайды? Бөлтірік
- Түлкінің ерекшелігі неде? Қу, тұмсығы үшкір
Оқу іс-әрекетін ойынмен аяқтау:
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп,теріп алайық құлпынайды тереді және оларды санайды.
Себеттерге салайық.
Нені білуі керек: сурет бойынша әңгіме құрауды.
Нені меңгерді: жабайы аңдардың мекендейтін жерін біледі.
Нені білді: жабайы аңдардың аттарын айтып, бір-бірінен ажыратып, олардың қимылын келтіру.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі