Өлең, жыр, ақындар

«Алтын сақа» Қуыршақ театрының қойылымы

«Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК
арнайы пәндер оқытушысы
Абилхаирова Меруерт Абилхаирқызы

Сабақтан тыс іс–шара.

Ұйымдастырушылар: Арнайы пәндер оқытушысы: Абилхаирова М.А., «Техник-бағдарламашы» мамандығының студенттері.

Іс-шараның тақырыбы: «Алтын сақа» Қуыршақ театрының қойылымы.

Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға қуыршақтармен ойнауды үйрету арқылы адамгершілік қасиеттерді бойына жинап, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу. Қазақ ертегілеріндегі ұлттық кейіпкерлерді таныта отырып шығармашылық ізденістерін дамыту. 

Іс-шараның түрі: театрландырылған қойылым.

Алтын сақа
Рөлде ойнайтындар:
1. Мыстан кемпір - Өмірзақ Жансұлу
2. Бай - Жұмаханов Нұрхан
3. Баласы - Өтебекова Қымбат
4. Қарлығаш - Сақытжанова Айткул
5. Қарға - Нарзуллаев Аброр
6. Түлкі - Мелдехан Жазира
7. Ит - Нарзуллаев Аброр

І-көрініс

Автор: Өткен заманда бір бай болыпты. Ол бір перзентке зар болыпты. Зарыға жүріп перзентті болыпты. Бір күні бай жылқыларын суаруға көлге келсе көлде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп суға жуымайды. Бай қанша айдаса да суға жаба алмайды.

Бай: Әйшу-әй, әй-шу. Мыналарға не болған әй (Жылқылар кісінейді) Әй мынау, не нәрсе (өкпені түртіп көреді, өкпе батып қайта шығады) Тағы түртеді. Батып, мыстан кемпір болып шығады.

Мыстан: Уа-ха-ха. Түстің бе бәлем қолыма. Енді жібермеймін. Уа-ха-ха. (қылқындырады)

Бай: Ат басындай алтын берейін қоя берші. (Жыламсырап)

Мыстан: Жоқ жібермеймін.

Бай: Осы жылқыларымның барлығын берейін жіберші.

Мыстан: Жоқ болмайды. Уа-ха-ха.

Бай: Енді не берейін(жыламсырап)

Мыстан: (Ойланып) Маған жалғыз ұлыңды бер. Сонда ғана жіберемін.

Бай: Жалғыз ұлымды қайтып беремін. Жан дегенде жалғыз перзентім ғой.

Мыстан: (қылқындыра түседі) Болмаса өлтіремін.

Бай: Қайтейін енді. Қу жанымнан артық не бар.....Жарайды.

Мыстан: Балаңды қай жерде бересің?

Бай: Ертең көшеміз. Көшкен де баламның алтын сақасын жұрт та қалдырып кетейін. Сақасын алуға келеді. Сол кезде аларсың.(жыламсырап) Жалғызым-ай.....   (Бай кетеді жылқыларын айдап)

Мыстан: Алақай! Жалғыз ұлын ұстап алып, етін шикілей жеймін. Уа-ха-ха. (Екі қолын шапалақтап, билеп жүреді)

ІІ-көрініс

(Бай мен баласы шығады)

Бала: У-у-у-у! (Жылайды). Әке ойнайын десем сақам жоқ, көрмедің бе?

Бай: Балам-ау кеше көшкен де жұрт та қалып қойған ғой барып алып келе ғой!

Бала: Әке қандай тайды мініп барайын?

Бай: Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып тайға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін.

Бала: Жарайды, әке!

(Жылқылар шығады, бала қарап тұрған тайды мінеді айналып шауып кетеді)

ІІІ-көрініс

(Тал пайда болады, мыстан пайда болады, сақа пайда болады).

Бала: Шеше, шеше анау жатқан сақамды алып беріп жіберіңізші!

Мыстан: Балам мен тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын, өзің алшы шырағым.

Бала: Шешей, мен аттан түссем міне алмаймын, мінсем түсе алмаймын, сіз әперіп жіберіңізші.

Мыстан: Әй өзің ал дедім ғой. Немене мынау сөзге түсінбейтін.

Бала: (Ойланып басын қасып тұрып) Шеше анау артыңыздағы не ит па немене?

(Кемпір артына бұрылып қарайды).

Мыстан: Ол не?

(Бала шап беріп сақаны алып шабады)

Мыстан: Әй тоқта, тоқта (бақырып, айналып қуады).

(Бала шауып барып, талға мініп кетеді).

Мыстан: Қап, сені ме? Қазір талды қазып құлатып, етіңді шикілей жеймін. (қаза бастайды).

Бала: Ой-й, мына тал құлайтын болды ғой. (жыламсырайды)

Мыстан: Құлайсың қазір топ етіп.

(Түлкі келеді)

Түлкі: Шешей мен қаза тұрайын. Сен демалып ал, шаршап қалған шығарсың.

Мыстан: Жарайды демалып алайын.  (ххх-ням-ням-ням,қорылдайды.)

Түлкі: Қазған жерін көмейін, қу мыстан тұрғанша қашып кетейін.(Түлкі көміп кетіп қалады)

(Мыстан оянып, бақырады).

Мыстан: Алдап ойбай-ай алдап кеткен екен ғой. (Қайта қазады).

(Сол кезде қарға ұшып келеді)

Бала: Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар

Алыстағы әкем-шешеме хабар айта бар. Мені құтқарып алсын.

(Қарға қарқылдап ұшып кете береді).

Мыстан: Әй қақсай бермей аузыңды жауып тұр. (Түлкі тағы келеді)

Түлкі:  Шеше шаршаған шығарсың мен қазайын.

Мыстан: Әй сен алдамайсың ба? Жаңағы түлкі сен бе?

Түлкі: Жооқ ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін.

Мыстан: Жарайды ұйықтайын. (Түлкі көміп қашып кетеді).

Мыстан: (оянып) тағы да алдаған екен ғой,қу басым-ай (қазады).

(Сол кезде қарлығаш келеді).

Бала: Қарлығыш, қарлығаш

Қайырымды қарлығаш

Алыстағы әкем-шешеме хабар айтшы! Мені кәрі мыстаннан құтқарсын!

Қарлығаш: Бұл бала менің балапандарыма көмектесіп еді, мен де жақсылыққа жақсылық жасап қайтарайын. Әкесіне хабар айтайын. (ұшып кетеді).

Мыстан: Әй тыныш тұр дедім ғой мен саған. (сол кезде иттердің дауыстары естіледі үрген)

Кемпір бақырып қашады. Бала иттерімен құшақтасып «Ақтөс, Құттыаяқ» деп үйіне келеді.

Бала: Әке

Бай: Балам!  (Екеуі құшақтасады).

Халайық, келіңдер той жасаймын!

Соңы.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз