Өлең, жыр, ақындар

Қайталау

Қысқа мерзімді жоспар

   №87 «Жуантөбе» орта мектебі

   Сабақ тақырыбы: Қайталау

   Математика

Күні: 20.04.2017ж

Мұғалім есімі: Аманжолова Жаухар Идрисовна

Сынып:3 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты

 

1. Білімділік - есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2. Дамытушылық - есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3. Тәрбиелік - жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Барлық оқушылар:  Есептері туралы мағлұмат алады; 

Оқушылардың басым бөлігі: Өз ойларын еркін жеткізуге тырысады;

Кейбір оқушылар: Шығармашылықт апсырмалар арқылы ой-қиялдары дамиды. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

   Алдыңғы оқу: Қалдықпен бөлу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

 1. Сәлемдесу, хал-ахуал сұрау.

 2. Кезекшілер міндетін қадағалау, оқушыларды түгелдеу.

Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру

Көбейту  кестесі  сұралады..Ережелер  сұралып шығады.

А4 парақтары

Бағалау парақшалары, стикер

Ортасы

 

Ой қозғау
1. Фабрикада

Фабрикада 149 жұмысшы бар. Олардың алтауының жұмыс істегендеріне бір жыл толған жоқ. Он тоғызының жасы отызға толған жоқ. 78 жұмысшы көзілдірік тағады. 102 жұмысшы ер адамдар.

Фабрикада бір жыл және одан да көп уақыт жұмыс істеген, көзілдірік тағатын және жастары отыздан төмен емес жұмысшы ер адамдардың ең аз саны қанша?

2. Санжұмбақ

Сандар қатарындағы 2,3,4,5,6,7,8 және 9 цифрларының әрқайсысының саны жиырмадан. Тек қана нөлдердің саны он бір. Осы қатарда қанша бір бар? Бұл қандай қатар?

Салыстыруға арналған  тапсырмаларды  орындайды.

1. 48*57                61*56                      17*25

    66*72               74*67                      42*36

    49*51                46*37                     73*68

2.  48*39+8          90*78+9                 46*54-7

     37+6*40          82*83+9                 74*69+6              

     29+3*28          62*56+6                 42*36+7

3. 28+8*35             90-6*86                 39+7*45

    37+6*40            83-7*75                  47-8*34

     29+3*28           92-9*83                  23-5*19

Есептерді шығар:

1)  Автобус Алматыдан Талдықорғанға дейін 6 сағат жүреді, ал жеңіл машина одан 2 сағат бұрын жетеді.Жеңіл машина неше сағатта жетеді.?

2) Жүрдек поезд Алматыдан  Шымкентке дейін 15 сағат, автобус одан 3 сағат кем, ал жеңіл машина автобустан 3 сағат кем жүреді. Жеңіл машина неше сағат жүреді?

3) Алматыдан Қарағандыға дейін поезбен 18 сағатта, ал ұшақпен одан 16 сағат бұрын жетуге  болады. Ұшақ неше сағат ұшады? Оқулықпен жұмыс.

1-топ №1,2

2-топ №2,3

3-топ 4,5

Үлестірмелер, оқулық, АКТ, кітаптар көрмесі, бағалау парақтары

Аяқталуы

Логикалық тапсырмалар орындалып, талдау жұмысы ұйымдастырылады.

Оқулықпен жұмыс.

Өз бетінше қосымша тапсырмаларды орындайды.

А4 парақтары

Бағалау парақшалары, стикер

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен құзіреттілігі

Жада қалыптасады, деңгейлік тапсырмалар беру

Бағдаршам әдісі арқылы. Балдық жүйе арқылы

 

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың  тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз