Өлең, жыр, ақындар

Тура және кері ретпен санау

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A бөлім: Сандар туралы ұғым

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақ тақырыбы

Тура және кері ретпен санау

 

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санау дағдыларын қалыптастыру, заттардың санын анықтау дағдысын бекіту

Жетістік критерийлері

1-ден 10-ға дейін тура және кері санай алады

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздерді үш тілде айту

Тура ретпен санау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұқыптылыққа жинақылыққа баулу

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі орыс тілі пәнінімен тірек сөздерді қодану арқылы байланыс орнату

АКТ қолдану дағдылары

Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба көрсету

Бастапқы білім

Оқушылар 10 көлеміндегі заттарды санауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

 

(Ұ)Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік! 
Кел, балалар, күлейік! 
Күлкіменен түлейік! 
Күлкі көңіл ашады, 
Күліп өмір сүрейік! 

ОМ таныстыру

Бүгін сабақта  тура және кері санауды үйренесің.

Ойын. «Көршілер».Берілген сандардың көршілерін табу

...2...  ,  ...7... ,....8..., ...10...

 

 

 

10, 20..... 100-ге дейінгісандарқатары бар карточкалар

Сабақтың ортасы

 

(Ұ) Оқушылардың санау туралы білім деңгейін анықтау үшін санамақ айту.

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) Айналадағы заттардың барлығын санауға бола ма? Қалай ойлайсыңдар? Қай заттарды санауға болады? Айналадағы қандай заттар санауға келмейді? - Аспанда неше бұлт бар?

-Кеспірқосақтың неше түсі бар?

-Сабынның неше көпіршігі бар?

-Неше су тамшысы тамды?

Осы сұрақтарға жауап беру мүмкін бе?

Қолмен ұстауға келмейтін заттарды санауды зерттеу : дыбыстар, бұлттар, көпіршіктер, көлеңкелер:

  • Санауға болатын заттарды атаңдар

Мысал келтіріңдер.

Оқушыларға 1-10-ға дейін санауға тапсырма беру

Сан тузуінде сандарды ретімен орналастыру.

Тақтаға 10 оқушыны шақырып олардың қолына 1-10-ға дейінгі сандар жазылған кеспе қағаздар үлестіру және ретімен тұруын тапсыру. Ретімен тұра алмаған жағдайда санау жұмысын ұйымдастыру.

Осылайша санау тура санау деп аталатындығына көз жеткізу. Келесі он оқушыны шақырып 10 санынан бастап 1-ге дейін ретімен тұруын өтіну. Енді санауды үлкен саннан бастап санап көруін өтіну. Санаудың бұл түрі кері санау екендігін оқушыларға түсіндіру.

Кері санауды бұрын байқадыңдар ма?

Таймер, зымыранды ұшырудағы уақыт т.с.с

Мысал келтіріңдерші.Кері ретпен санауға байланысты бейнежазба ұсыну.

Оқулықпен жұмыс (8-бет)

1-10-ға дейін тура ретпен санау.

10-нан 1-ге дейін кері ретпен санау

Тірек сөздермен жұмыс.

Тура ретпенсанау-прямой порядок

Кері ретпен санау-обратный порядок

Көрнекіліктерді қолдана отырып заттарды санау

Сан тізбегіне алманың суретін іліп тура ретпен санау.

Алмаларды кері санату, санау барысында тірек сөздерді қолдануға баса назар аудару.

Сергіту сәті (Қимылмен көрсету)

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.

Кел санайық ал мұны,

Нешеу болды барлығы?

(Қ) Оқушыларға қарындаштар, таяқшалар ұсынып тура санауын бағалау.

10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен  санау

Оқулықпен жұмыс (9-бет)

Тура және кері ретпен санау

(Ж) Әр басқышқа басқан сайын сандарды атап баспалдақпен көтерілу және төмен түсу. Сен қандай ретпен санадың?

«Тура және кері ретпен сана»тапсырмасы:іздер мен есіктердегі түсіп қалған сандар орнын анықтау.

(ОТ)

4 тен бастап10 ға дейін санау

1 ден бастап8-ге дейін санау

Дидактикалық материалдармен жұмыс

Тірек сөздерді үш тілде есте сақтау үшін ойын ұйымдастыру

Шарты:

Бір оқушы тура ретпен санау тірек сөзін бір тілде айтады,қалғандары ретімен тұрған үш санды тура санайды. Санды бірінші атаған оқушы санды екінші тілде айтады.Қалған оқушылар басқа үш санды айтады.Осылайша тірек сөзді үш тілде айтқызу

Дәптермен жұмыс (6-бет)

Тура ретпен санап түсіп қалған сандарды жаз.

Түсіп қалған сандарды қой.

2

 

4

Бағалау

 

Сабақтың соңы

Тура санау дегеніміз не?

Кері санау дегеніміз не?

Ұстай алмайтын заттарды санай аламыз ба?

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп сіздік техникасының сақталуы.

Түсіп қалған сандарды тап.

1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10.

10, 9, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1

Оқушылардың тура және кері санау дағдысын бақылау арқылы бағалау

Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы қарастырылады


Пікірлер (3)

айнур

ұнады

айнур

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз