17.11.2017 |
Ж.Әбдірашев атындағы № 62 мектеп-лицейі Мұғалім: Шарападинова Райжан Әбжамиқызы |
|||||
ҰМЖ ОМЖ ҚМЖ |
2-бөлім: Жанды табиғат 3-Бөлімше: Адам 2-оқу мақсаты: Қозғалыс сыры |
|||||
оқу мақсаттары |
2.2.3.2 - бұлшық еттің не үшін керектігін біледі, адамның қалай қозғалатынын түсінеді. 2.1.2.5 - құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді және қорытынды жасайды; |
|||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: қаңқа мен бұлшық ет қызметін атайды, бұлшық етті анықтауға арналған жаттығуға қатысады. Оқушылардың басым бөлігі: бұлшық етті зерттейді, ұқсас затты анықтайды. Кейбір оқушылар: дене бітіміне зерттеу жасайды,білетін ақпараттарымен бөліседі. |
|||||
ресурстар |
қаңқа суреті, бұлшық ет, жүрек муляжі, АКТ,парақтар |
|||||
Күтілетін нәтиже |
адам қаңқасы мен бұлшық еттің байланысын біледі, суреттердің көмегімен оларды атайды, бұлшық еттердің жұмысын бақылайды. |
|||||
Бағалау критерилері |
Білім алушылар:
|
|||||
Дескриптор |
Қаңқаның қызметін атайды. Бұлшық еттің қызметін атайды |
|||||
Тілдік мақсат |
Қаңқа, бұлшық ет, жиырылады, босаңсиды |
|||||
Құндылықты дамыту |
Дене сымбатын сақтауды үйрену, бірін-бірі құрметтеуге дағдылану |
|||||
Алдыңғы білім |
адам дене мүшелері туралы білімі (қол, аяқ,бас т.б) |
|||||
Сабақтың кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
|||||
Сабақтың басы 4 мин |
Ұйымдастыру. Оқушылады топқа біріктіру. 1. Оқымыстылар 2. Зерттеушілер 3. Тапқырлар 4. Білгірлер Өткен сабақты пысықтау. Қаңқаны нелер құрайды? Адам денесін сүйексіз елестетіп көрейікші. Не байқадық? Қаңқа дұрыс дамыса,адам қандай болып көрінеді? Сүйектер бір-бірімен қалай байланысады? |
|||||
Сабақ ортасы
25 мин
|
Жаңа сабақ: Оң қолыңмен сол қолыңның қарынан қысып ұста. Содан кейін сол қолыңның шынтағын бірнеше рет бүгіп-жазып қимылдат. Не сезгендерін сұрау.Бұл не? Біздің ағзамыздың негізгі мүшелерінің бірі – бұлшық еттер. Олардың көмегімен біз түрлі қимыл-қозғалыс жасаймыз: қалам ұстаймыз, жүгіреміз, секіреміз, заттарды көтереміз, лақтырамыз. 1 топ «Бұлшық ет» туралы мәтінді оқиды, бұлшық еттің не үшін қажеттілігін дәлелдейді. 2 топ «Білгірлер» Арқан мен бұлшық етті салыстырады. 3 топ «Зерттеушілер» сүйектің қозғалуын зерттейді. 4 топ «Тапқырлар» бұлшық ет туралы ақпараттар табады (ҚБ) Дұрысын көрсет: қай кезде бұлшық ет жиырылады, босаңсиды ? Сергіту сәті :Әуенді қозғалыс Дәптермен жұмыс: 22 –бет : суреттерді сәйкес тіркестермен қосу. Бұл әрекеттер қалай іске асып жатыр? ҚБ : 1.Қаңқа қандай қызмет атқарады? 2. Бұлшық ет қандай қызмет атқарады? |
|||||
Сабақтың соңы 10 мин |
Қызықты ақпараттар:Ең, ең.... 1. Ең шаршамайтын б/ет-жүректе,себебі... 2. Ең майда б/ет құлақта, оның мөлшері,,,, 3. Денемізде 600 аса б/ет бар,олар... 4. Адам аяғында б/ет көп. 5. Ең мықты б/ет шайнау б/еті Бағалау: Бірін-бірі бағалау,мұғалімнің бағалауы. Үйге тапсырма: Бұлшық еттер туралы ақпараттар, жұмыс дәптері-23 бет Кері байланыс : Бүгін не үйрендік? Не қиын болды? «Бас бармақ» әдісі арқылы. 1) Барлығы түсінікті 2) Сұрағым бар 3) Түсінбедім |
|
||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлауда ынталандырушы сөздерді қолдану, қабілеті жоғары оқушыларға бұлшық ет туралы білетін ақпараттарымен бөлісуді тапсыру. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруде сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше жұмыс жасауы ескеріледі. |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы өз денесін соғудан сақтауды ескерту, денені тік ұстауды есте сақтау. |
||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады Зертте. Өз бұлшық етін зерттеу. Мұғалімнің кері байланысы: Нені жетілдіру керек? |
Бұл бөлімде оқушы лардың сабақ бары сында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерім сұраққа түсіне жауап беруі. Зерттеу барысында оқушылардан сұрақ: «Неге денені шынықтыру керек? Адамның сыртқы келбетін қалай зерттеуге болтынын сұрау |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Партада дұрыс отыруды ескеру. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі