Өлең, жыр, ақындар

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. 15+28, 43-15

Сабақ: Математика

Күні:

Сынып: 2 ғ

76 - мектеп   Астана қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Мұқанбетқали Әйгерім Елікбайқызы

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:  

Тақырыбы

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.  15+28, 43-15

Оқу мақсаттары

 Сандармен операциялар

15+28, 43-15 тәрізді жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабақ мақсаты

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдер қолдануды біледі;

екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін  қолдана алады ;

15+28, 43-15 тәрізді  жағдайларда екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін түсіндіре алады және өз бетінше өрнектер  құрастыра  алады;

         Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды ондықтан аттамай, аттап қосуды және азайтуды орындау үшін ауызша және жазбаша есептеу алгоритмін қолданады. 

          Тілдік мақсаттар

 

Жазбаша қосу және азайту алгоритмді айтады, математикалық терминдерді сөйлеу барысында қолдана алады. Қосу, азайту, бірліктер, ондықтар, қосынды, айырма, т.б. сөздерді қолданады.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәнімен байланысты

Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру

Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім:

Өлшем бірліктерін түрлендіру және аталған сандармен амалдар 

Сабақ барысы

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

 

3 минут

 

 

«Жылы алақан»

Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, басбармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:

-Барлық істе саған сәттілік тілеймін! Рахмет!

Қол. Бас. Жүрек.

- Балалар, бүгінгі сабақта бізге 3 көмекші қажет болады. Олар: бас, қол, жүрек.

- Миымызбен жақсы ойланып, ойлағанымызды қолымызбен іске асырып, мейірімді жүрегімізбен    сезіну керекпіз.

Интерактивті  тақта

 

Қима  карточкалар

Сабақтың ортасы

 

9 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3минут

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут 

          

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(МК, Т) «Ойлан! Тап!» 

-Балалар, сабақтың тақырыбын  анықтау  үшін  суретте бейнеленген спорт ойындарының түрлерін атауы және әр суреттің астыңдағы қосу мен азайту амалдарын ауызша орындауы керек.

100-76=24 (коньки)

79+11=90 (скейтборд)

68-36=32(хоккей)

46+54=100 (футбол)

52+28=80(велосипед тебу)

90кг-69кг=21кг(баскетбол)

50см-19см=31см(шаңғы)

25см+13см=38см(теннис)

87см-37см=50см(турникке тартылу, қазақша белтемірге тартылу)

(Амалдар жеке-жеке, үлкейтіліп қағаздарға шығарылады)

 

 Бағандап есепте

    15                     43                       43

+                        -                         -

    28                    15                       28

     43                    28                      15

 Сабақтың мақсаты бойынша оңдық пен бірлік бойынша есептеу түсіндіріледі.

-Енді  есептеу  алгоритмін  айта қойыңдар.

Қиындық бар ма?

-Міне,балалар,  осы  бойынша  бүгінгі  сабақта  жұмысты  жалғастырамыз.

-Сабағымыздың  мақсатын  анықтап, айтайық: Екі таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмін қолдауды үйренемін .

 

Хормен  және жеке  алгоритмді  1-2  рет  қайталатып  айтқызу  /слайд б-ша/

Екі таңбалы  сандарды

 жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмі:

Жазамын:

•       бірлікті бірліктің астына, ондықты ондықтың астына жазамын;

Қосамын/ азайтамын:

•      Бірлікке   бірлікті қосамын, жауабын бірліктің астына  жазамын;

•      Ондыққа  ондықты  қосамын, жауабын   ондықтың астына жазамын.

Оқимын:

•      Қосындының   мәні ......    /Айырманың   мәні  ......

(Үлкейтіліп қағазға шығарылады, тақтаға ілінеді, барлығы хормен қайталайды)

 

Сергіту  сәті «Көңілді  көжек»

Әуен ырғағымен билеу

Дәптермен жұмыс    

• Баған түрінде жазып, есепте.

78 + 17          18 + 64         72 – 26         7849

Оқушылар бір-бірімен дәптерлерін айырбастау арқылы тексереді, тақтаға дұрыс жауаптары ілінеді.

·        Кестемен жұмыс

 

а

 12

  9

  11

  40

31

А+15

 

 

 

 

 

52-а

 

 

 

 

 

Оқушыларға  парақтар  таратылады. Оқушылар  жеке отырып, тапсырмаларды орындап, санды  анықтайды.Соңында тақтаға дұрыс жауаптары көрсетіледі,

(МК,Т) «Проблемалық  жағдаят»

     -Балалар, бізге бүгін қонаққа  Көжеке келіп отыр. Оның сендерге бір өтініші бар екен.

      Тыңдаймыз ба?

     /аудиожазбаны тыңдау/

Көжек: «-Сәлем, балалар! Қалдарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет. Мен екі таңбалы сандарды жазбаша қалай қосып азайту керек екенін білмеймін. Сендер маған оны үйретіңдерші. Өтінемін! Ол үшін бірінші  менің орындаған тапсырмамды  тексеріңдер. Қате болса, түзетіп,  маған түсіндіріңдер. Сендерден жауап күтемін, балалар!»

............................................................................................

/Оқушылар  Көжекенің  тапсырмаларын  топта  отырып  тексереді. Қателерін  анықтайды. Түсіндіреді./

-Қай  өрнектер қате шығарылған?

34               57   

+                -

23               33

  57               34

 

44               57

+                -

23               23

  77               34

 

- Көжек  неліктен  бұл  өрнектердің  мәнін қате  тапты?

Мүмкін  болатын жауап:-Өйткені, Көжек  екі таңбалы сандардың жазбаша  қосу  және  азайту  алгоритмін  білмейді.

-Иә,  дұрыс, балалар! Оған  түсіндіріп, үйретеміз бе?

-Иә!

/Оқушылар  Көжектің  қате  шығарылған өрнектерінің  жазбаша  орындау  тәсілін  түсіндіреді. /

Оқушылар  бір-бірінің жұмыстарын  шапалақпен бағалайды.

-Балалар,  ауызша  есептеу мен жазбаша есептеудің қандай  айырмашылығы бар?

Мүмкін болатын  жауаптар:-Ауызша есептеулерді үлкен разрядтардан бастайды, амалды солдан оңға қарай жылжи отырып орындайды.

-Ал жазбаша есептеулерді бірліктер разрядынан бастап, оңнан солға қарай жылжиды.

/Көжек оқушыларға ризашылығын айтып, қоштасып кетеді/

Үлестірмелі  парақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ламинатталған  тақталар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті аудиоматериал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көжектің  тапсырмалары,

 қима  өрнектер

 

 

 

Аудиожазба

үлестірмелі  парақтар

 

Сабақтың соңы

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

·        Рефлексия:

- Балалар «Үш көмекшісінің» пайдасы тиді ме?

- Бүгін не үйрендіңдер?

- Көңіл-күйлерің қандай екен?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

-Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу  жән  азайтудың алгоритмдерін

    білемін және қолдана аламын -  жасыл стикер

    білемін, бірақ қолдануда  қиналамын – сары  стикер

Дорбаға салады екі түрлі. Келесі сабақта дорбадағы оқушылар   қиналатын тапсырмаларды орындалады.

·        Көжектің бағалауы.

Сабаққа өте белсенді қатысқан оқушыларға  көжек дорбасындағы сәбіздерін таратады.

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптерінің 23-бетіндегі 

5-ші тапсырманы  орындау.

Стикерлер  арқылы


Пікірлер (4)

саяжан

сабақ ұнады

кульзада

жаксы жазылған

Айнаш

сабақ жоспары жақсы құрастырылған

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз