ОҚО Түркістан қаласы
М.Маметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Теңлібаева Еркенұр
Тақырыбы: «Алғыр алтау» сайысы.
Мақсаты:
а) 1 сынып оқушыларының пәндер бойынша білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау, ең білімді оқушыны анықтау.
ә) Ой-өрістерін кеңейтіп,шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамытуға ұмтылдыру.
б) Оқушыларды тапқырлыққа,жылдамдыққа,ізденімпаздыққа білімді ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Өткізілу формасы: жарыс түрінде
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, болжау, талдау.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз:
Армысыздар, оқушылар!
Армысыздар, ұстаздар!
Тамсандырып өнерін,
Осы жарыс барысы
Жадыратсын жаныңды,
«Алғыр алтау» сайысы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар «Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» дегендей 1 сыныптар арасындағы «Алғыр алтау» сайысымызға қош келдіңіздер!
ІІ.Сайыс кезеңдері
1 – кезең «Тапқыр болсаң озып көр»
2 - кезең «Сөйлей, сөйлей шешен боларсың»
3 – кезең «Кім жылдам?»
4 – кезең «Білімпаз»
5 – кезең «Тіл өнері»
6 – кезең «Адасқан әріптер»
Уа, халайық, халайық!
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Ал сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық
ІІІ. Сайыскерлермен таныстыру
Олай болса, сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:
1. 1 А сынып оқушылары
2. 1 Ә сынып оқушылары
3. 1 Б сынып оқушылары
Бүгінгі сайысқа төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Оқушыларға тілек:
Замана тартып жатыр жаңа істі алға,
Уа, адамдар думаннан қалыс қалма
Сұлудан сұлу озар әсемдікпен
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
дегендей бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
«Жүректен-жүрекке» тренингі
Бір-бірлеріне шынайы жүрекпен бір ауыз сөзбен тілектерін айтады.
1-кезең «Тапқыр болсаң,озып көр» ( Әр пән бойынша 12 сұрақ беріледі)
1 – топ: «Білімділер» тобы:
1. Қоңырау дауысын қандай сезім мүшесі арқылы естиміз? (Құлақ)
2. Ы дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты және жуан)
3. Ыдыста 7 қияр және одан 3-еуі артық қызанақ бар.Ыдыста неше қызанақ бар? (10 қызанақ)
4. Қой атасы қалай аталады ? (Шопаната)
2 – топ: «Алғырлар» тобы:
1. Өзара кері амалдарды атаңыз? (Қосу мен азайту)
2. Қосудың компоненттерін ата? (Қосылғыш,қосылғыш, қосындының мәні)
3. Тасымалдауға болмайтын бір буынды сөздер? (От, сүт, қант)
4. 7 санының көршілерін атаңыз? (6 және 8)
3 – топ: «Тапқырлар» тобы:
1. Жуан және жіңішке дауыстыларды атаңыз? (А-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү)
2. Азайтудың компоненттерін ата? (Азайғыш,азайтқыш, айырманың мәні)
3. Ағашта 7 торғай отырды. Тағы 3 торғай ұшып келді. Барлығы неше торғай болды? (10)
4. Сөз неден құралады және дыбыстар немен таңбаланады? (Дыбыстардан құралады. Әріптермен таңбаланады)
2 - кезең. «Сөйлей, сөйлей шешен боларсың» (жаңылтпашты жаңылмай айт)
1 – топ: «Білімділер» тобы
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды ұнатады.
2 – топ: «Алғырлар» тобы
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
3 – топ: «Тапқырлар» тобы
Үйден мысық шықты,
Үйшіктен күшік шықты.
Күшік мысықтан күшті шықты,
Мысық күшіктен ықты.
3 – кезең. «Кім жылдам?» (сурет бойынша әңгіме кұрау.)
4 - кезең. « Білімпаз» (логикалық сұрақтар) 6 сұрақ беріледі, Әр сұраққа ойланып жауап беру қажет.
1. Жарты қаздың салмағы 3 кг болса,ал тұтас қаздың салмағы қанша? (6 кг. Жартысы 3 кг ,онда тұтасы 6 кг болады)
2. Мейрам күні қонақтар билеуге шықты.Жұптасып тұрғанда бір қонақ артық болды,үшеуден билеуге тұрса да,тағы біреуі артық болып шықты. Қонаққа келген қонақтар саны 10–нан кем екені белгілі болса,неше қонақ келген? (7 Қонақ келген )
3. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (Қыздар екеу, ұлдар екеу)
4. Торда 12 құс отыр,оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? (12 құс, себебі тордан ұша алмайды)
5. Алмұрт алмадан ауыр,алма шабдалыдан ауыр.Сонда алмұрт ауыр ма,әлде шабдалы ауыр ма? (Алмұрт ауыр)
5 - кезең. «Тіл өнері» (жұмбақ шешу)
1. Шаңда бар,
Желде жоқ.
Тозаңда бар,
Құйында жоқ. (Ң)
2. Халықта бар,
Елде жоқ.
Халатта бар,
Көйлекте жоқ. (Х)
3. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
4. Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрісі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (Балық)
5. Мейізде бар,
Өрікте жоқ.
Киізде бар,
Сырмақта жоқ. (З)
6. Күн күледі,
Жер түледі.
Бұл қай мезгіл? (Көктем)
7. Сылдыр сұйық – су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да-қар емес,
Шешуін кім табады? (Сүт)
8. Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауысасың көз майыңды,
Қалағаның табылар. (Кітап)
6 - кезең. «Адасқан әріптер» (адасқан әріптерден сөздер құрау)
1 – топ: «Білімділер» тобы
Г |
Р |
Д |
Р |
Ә |
І |
Е |
2 – топ: «Алғырлар» тобы
Ш |
Ә |
Е |
Т |
3 – топ: «Тапқырлар» тобы
Н |
У |
Д |
Ә |
Р |
Е |
Қорытынды:
Осымен сайысымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.- деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жеңген оқушыларды марапаттау.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі