Сабақтың тақырыбы: Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу. |
Мектеп: Н.Исахметов атындағы орта мектеп |
|||||
СЫНЫП: 2
|
Қатысқан оқушылар саны: 10 Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
Мұғалімнің аты-жөні: Құлбекова Мейрашгүл |
||||
Оқыту мақсаттары |
2.1.1.5. 50-ге дейін 3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері санау; жұп/тақ сандарды ажырату; заттар тобын 6, 7, 8, 9-дан тең бөліктерге бөлуді көрсету. |
|||||
Сабақтың мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:. 3, 4, 5-тен топтап санауды үйренеді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: 3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері ретпен санауды, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды үйренеді. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: жылдам есептеу үшін топтап санауды қолданады. |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: сөйлеу тілінде заттардың тура жəне кері орналасу ретін пайдалануды. Пəндік лексика жəне терминология: сандық топ, тура санау, кері санау, екі, үш, төрт, бестен санау. |
|||||
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: Өмірде топтап санау не үшін қажет? Мысалдар келтіріңдер. Жазу: Бірдей қосылғыштардың қосындысы түріндегі өрнекті жазыңдар. |
||||||
Тірек білім, білік, дағдылар |
Тура жəне кері санау, топтап санау. |
|||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||||
Сабақтың жоспары |
||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
||||
Басталуы 5 минут |
Ынталандыру. Сабақты оқушылармен күнделікті өмірде жылдам есептеудің маңыздылығы туралы əңгіме жүргізуден бастаймын. Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған жаттығу. – Барлығына үлгеру үшін күн тəртібін сақтау керек. – Оның не екенін білесіңдер ме? Оқушылар партаға қалай отырады? (екі-екіден ). – Қалай тез есептеуге болады? – Екі-екіден санаймыз («екіден»). 2, 4, 6, 8… |
|||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну №1. Суретке қара. Әр бумада неше зат бар? Осындай 2,3,4,5 бумада неше зат барын есепте. Қосындысын тап. №2. Суретке қара. Есептің шешуін түсіндір. Әмірде 12 доп бар. Ол доптарды әр қорапқа 6-дан салды. Неше қорап қажет болады? Ә). Есепті шығар. Дене шынықтыру сабағында мұғалім 28 оқушыны әр қатарға 7-ден тұрғызды. Неше қатар болды? Жұптық жұмыс №3. Досыңмен бірге есепте. Тексер. 8+8+8+8=32 20+20+20=60 30+30+30=90 50+50= 100 100+100+100+100=400 300+300+300=900 №4. Есептерге сызба таңдап, оларды шығар және салыстыр. Сырым-15 рет тар. Алмас-? 4 кем тартылды Алмас-? рет тартылды Шешуі: 15-4=11 Жауабы: 11 рет тартылды |
Суреттер
Оқулық
. |
||||
Ортасы 10 минут |
Қолдану. Дәптермен жұмыс. |
Дәптер |
||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті «Қара жорға» |
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. |
||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін бағалауды ұсынамын. Бұл үшін сараланған сабақтың мақсаттарын оқушылардың өздері жəне өзім бағалайды. - 3, 4, 5-тен топтап санай аламын; - 3, 4, 5-тен топтап тура жəне кері санауды, бірдей қосылғыштардың қосындысын табуды білемін; - жылдам есептеу үшін топтап санауды қолдана аламын. Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалау ұсынылады. |
|
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі