Өлең, жыр, ақындар

Еріншектер еліне саяхат

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
КМҚК «Гүлдәурен» ясли бақшасының инклюзивтік кабинетінің
тәриешісі: Қосниязова Жамал Нураденовна

Тақырыбы: «Еріншектер еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты: Берілген контурларды пішіндермен толықтыру. Қызыл, жасыл, сары, көк түстерді айыруға үйрету, саусақ маторикасын дамыту. Көрпешені әсемдеу арқылы эмоциялық көңіл-күйін көтеру және балаларды ұйымшылдыққа, әуен ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар: тақта, түрлі-түсті пішіндер, сиқырлы таяқша, кеглилер, бұдырлы алашалар, доптар, доға.

Балалар, біздер Стефаниға қонаққа барамыз. Олай болса бір-біріміздің артымызға тұрып,вагондарымызға жайғасайық. Чук-чук.Ду-дуу!

Осы кезде Кесірбек балалардың жолын бөгемек болып,балалардан бұрын Стефанидың аулына келіп, Стефанидің балаларға дайындап қойған көрпешесін бүлдіріп тастайды. Сол сәтте Стефанидің көңіл-күйі түсіп кетеді.

(Стефани көңілсіз балалардың аттарын атап амандасады)

- Ой, Стефани сенің көңіл күйің неге түсіп кеткен?

Стефани: Балалар, мен сендер келеді деп, сендерді қарсы алуға мына жерге көрпеше қойып едім, сол көрпешемді Кесірбек бүлдіріп тастапты.

- Стефани сен ешқандай мұңайма, біздің балалардың көмегімен бәрін қалпына келтіріп береміз.

- Міне балалар қараңдаршы сиқырлы тақта тұр, міне сиқырлы таяқша (бетіне перде жабулы тақта)

- Балалар, алақандарыңды шапалақтап ұрайықшы (балалар қолдарын шапалақтап ұрады).

Тәрбиеші сиқырлы таяғымен сермеп пердесін ашады.

- Балалар қараңдаршы,мына тақтадан не көріп тұрсыңдар? (Пішіндер).

- Дұрыс балалар пішіндер, ал қандай пішіндер атаңдаршы? (төртбұрыш,дөңгелек, сопақша)

- Дұрыс балалар,енді осы пішіндерді алып Стефанидің көрпешесін бұрынғы қалпына келтіріп жасайық, жарайма балалар. (балалар әр пішінді атап,көрпешедегі ұқсас пішінді тауып үстіне орналастырады.

- Балалар қараңдаршы, Стефанидің көңіл-күйі көтерілді. (Стефани куанып қол шапалақтап,балаларға ризашылығын білдіріп өзімен бірге,көңілді ойындар ойнауға шақырады).

Стефани: -Ендеше балалар бәріміз бойымызды сергітейік. Ал бәріміз бірге мына жаттығуларды жасайық (жаттығулар музыка сүйемелдеуімен орындалады).

1. Ізбен жүру.

2. Доппен кеглиге дәлдеп тигізу.

3. Доғаның астынан еңбектеп өту.

4. Кедергі таяқшалардан аттап өту.

«Паровоз» әнінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалыс жасап, балалар залдан шығады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз