Өлең, жыр, ақындар

Ж ж дыбысы мен әрпі

«№21 жалпы білім беру орта мектебі» ККМ
Суинова Күланда Суиновна

Тақырыбы: «Ж ж дыбысы мен әрпі»
Даярлық топ «Б»

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: “Ж ж” дыбысы мен әрпі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: “Ж ж” дыбысы және әрпімен танысу. Сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту, ауызша және жазбаша жазу икемділігін арттыру.
Білімділік: Оқушыларға дыбыс, әріп, буын жайындағы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын көбейту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдырландыру, әдемі, таза жазуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Бірін-бірі сыйлауға, ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге, топпен жұмыс істей білуге үйрету.
Оқу іс-әрекетінің әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, дәптер, кесте слайд, интерактивті тақта, асықтар.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
•  Психологиялық дайындық.
•  Сергіту сәті:
«Мектебім» әні.
•  Оқушыларды қарым-қатынасқа дайындау.
•  Оқушылардың субъективті  тәжірибесін өзектілеу кезеңі.
1-тапсырма. «Кім жылдам?» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: суреттерге қарап, олардың қандай әріптен басталады, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
І. Негізгі бөлім:
•  Оқушылардың сабақты қабылдау ,түсіну ,есте сақтау кезеңі.
•  Жұмбақ: 1. Мінсең – желдей жүйткиді,
Көңілің таудай өседі,
Алып ұшар алысқа
«Ер қанаты»  деседі.(Жылқы)
•    «Ж ж»  дыбысымен танысу. «Ж ж»  дыбысын айтқызу, дауысты екенін айтқызу.
2-тапсырма. Дискімен жұмыс:
«Сөзді есіңе сақта» ойны.
Ойынның мақсаты: балалардың сөздік қорын көбейту, қабілетін арттыру.
Интерактивті тақтаны пайдалану.
I – топ. Суреттердің атын атау
II – топ. Буынға бөлу.
III – топ. Сөйлем ойлау.
IV – топ. Схема жазу.
3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
•  Суретпен жұмыс .
•  Жаға, жайлау, жолбарыс сөздеріне дыбыстық талдау жасау, тақтада жазу, буынға бөлу.
I – топ. Жаға

II – топ. Жайлау

III – топ. Жолбарыс
•  Дәптердегі буындарды, сөздерді оқу. Хормен оқу.
•  Жазу жұмысы:
«Ж ж» дыбысын ауада жазу, сосын дәптерге жазу. Сызба бойынша сөйлем құрау.
4. Қорытындылау.
Жаңа білімді, іс-әрекетті қорытындылау кезеңі.
1. Сыныптағы жеке оқушыларды, топты мадақтау.
2. «Не үйрендік?». Оқушылардың сабақтан алған әсерін, көңіл – күйін әңгімелеу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз