Өлең, жыр, ақындар

Ойыншықтар әлеміне саяхат

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  
«Раушан» балалар бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші: Токтарбаева Раушан Аманбековна

I-кіші «Достық» тобы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық».          
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат».
Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер.
Сөздік жұмыс: ботақан, машина, доп.
Билингвалды компонент: ботақан – жеребенок, доп - мяч.
Мотивациялық – қозғаушылық.
Шаттық шеңбер:
Топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық!
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Ұйымдастырушылық ізденістік:

Осы кезде Ақзере жылап келеді мен ойыншығымды ойнап жүріп жоғалтып алдым.
Ақзере сен жылама сенің ойыншығыңды тауып береміз, балалар Ақзереге көмектесеміз бе?
Ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?
Жарайсыңдар балалар ендеше ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің ойыншығын іздейік.
Балалар мынау қандай ойыншық?  Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.
Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына көрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.
Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары.  Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.
Үшінші столды қарайықшы
Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден жасалған? Түстері қандай?
Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды.
Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.
Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.
Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар туралы тақпақтарымызды айтайықшы.
Жанбота: Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары көк,
Сенімен ойнайтын бала көп.
 Нұрислам: Ойыншықтар қандай, қандай,
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Түрлі–түсті түстері
Көз тартады өздері.
Балалар біз ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығып, ойыншықтар түрлерімен таныстық. Ойыншық түрлерін, пішінін, неден жасалғанын білдік.  Айзеренің ойыншығын тауып бедік.  Енді тобымызға оралып өнер орталығында ойыншық түрлерін бояық.
Жұмысымыды бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық:
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Балалар өнер орталығына отырып, өздеріне ұнайтын ойыншықтың суретін бояйды.
Қортынды: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: Ойыншықты сипаттауды.
Түсінеді: ойыншық туралы түсінікті,
Қолданады: өлең жолдарын жаттауды.

C:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\20180208_125033.jpg

C:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\20180208_125916.jpg


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз