Өлең, жыр, ақындар

Е е дыбысы мен әрпі

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Састобе пөселкесі
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Туганбаева Жансая Конысовна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім саласы: «Коммуникация»

Білім бөлімі: «Сауат ашу»

Мақсаты: Балаларды Е дыбысы мен әрпіне таныстыру. Е дыбысының сөздегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой - өрісін, тілін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Оқу қызметінің көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, өз бетімен жұмыс жасау. оқу, жазу.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту.

Оқу қызметінің түрі: Жарыс сабақ.

Қызмет кезеңдері

          Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

 

 

 

 

 

 

 

Балалар оқу қызметін бастамас бұрын, қонақтарға амандасып, бір-бірімізге сәттілік тілейік.

        Шаттық шеңбері:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәріміз де біргеміз.

Психологиялық дайындық:

Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Сәлем деймін апайға,
Қонақтарға мың сәлем.

Бүгінгі оқу қызметін жарыс түрінде екі топқа бөлеміз.
І топ «Алғырлар» тобы.
ІІ топ «Тапқырлар» тобы.
Ұрандары:

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, білімді болу үшін жарысамыз. Мына екі қорапқа ұпайлар салынады, оқу қызметінің соңында жеңімпаз топты анықтаймыз.
«Күнді бұлттан қорғайық» ойыны:

C:\Users\user\Desktop\Новая папка\21369.jpg

Ойын шарты: Өткенді қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа жауап бергенде бір бұлттан алып отырамыз.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/02/04/original/1e403776157dbcf913716b990972a2b2.jpg

І. Өткен оқу қызметін пысықтау.
- Қане, балалар біз өткен оқу қызметінде қандай дыбыспен таныстық?
- Дұрыс айтасыңдар!
- Қане, өткен оқу қызметін қаншалықты меңгергендеріңді білейік.

 -Балалар «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Сол кейіпкерлер бүгін бізге қонаққа келіпті. Олардың әрқайсысының өз тапсырмалары бар екен. Орындаймыз ба?
ІІ. Ой қозғау.
1. Бауырсақтың тапсырмасы: «Көбелектерді өз  гүліне қондыр» дидактикалық  ойыны. Ұшып жүрген көбелектердің қанатына бас әріптер жазылған. Ал, гүлдердің тостағаншасына кіші әріптер жазылған. Бас әріптерге сәйкес көбелектерді өз гүліне қондыр.  Бұл тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты етіп орындасақ ұшып жүрген көбелектер қатты қуанады.

ІІІ. Мағынаны тану.

Жаңаоқу қызметі:

Жұмбақ шешейік.

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

                               Ол не?    

Ешкі сөзіне дыбыстық талдау жасау. Шапалақ ұру арқылы буынға бөлдіру.

Е дыбысының баспа түрі мен  жазба түрін көрсету.

«Ее дыбысы мен әрпі»
- Олай болса, балалар, барлығымыз тақтаға қарап, электронды оқулықтан берілетін бейне сюжетке қарайық .

- Міне, балалар сендер Е  дыбысы туралы тамаша бір бейне сюжетке куә болдыңдар. – Сонымен балалар, Е  дыбысы қандай дыбыс екен?

Е дыбысына келетін сөздерге мысал келтіру.

Кеспе әріптермен жұмыс.
Ал, балалар бүгінгі оқу қызметіндеЕ  дыбысына байланысты сөздерді кеспе әріптермен жазайық.

Қызығушылығын ояту.

           «Ертегі тыңдайық»

Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде Есен атай өмір сүріпті.Ол өте мейірімді екен.Оның үйінің жанында көрші Ерден  атай тұрады екен. Ол қатігез, мейірімсіз болыпты. Бірде Есен атай алма ағашын отырғызыпты. Алма ағашы жайқалып өсіп, жемісін беріпті. Оны көрген көрші Ерден  атай, Есен атайды қызғанады. Бір күні көрші Ерден  атай Есен атайдың алма ағашын өзінің балтасымен ағашты шауып тастапты.  Ағаштың бұталары шашылып, қалыпты. Есен атай көмек сұрап хат жіберіпті.Ол хатты бізге қоян алып келді, қане ашып оқып көрелік. Балалар шашылған шыбықтарды егуге көмектесулеріңді сұрапты.   Көмектесеміз бе? Ол берілген тапсырмаларды дұрыс әрі ұқыпты орындауларыңды сұрапты. Берілген тапсырмалардың әр бір дұрыс жауабы үшін бір шыбықтан отырғызып отырамыз.

 Қоянның тапсырмасы.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/02/04/original/11662faa4ac673b88954c23a2510c331.jpg

Бұл ойынның шарты балалар берілген суреттерге қарай отырып, әріптер арқылы суретті сызу.  

Аюдың тапсырмасы: Ойын: «Әріптер сөйлейді» ойыны.

Ойынның шарты: Балалар өз әрпіне сай тақпақ, сөз ойлап айтады.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/02/04/original/c7717905ae369603f567eb8c0f479a32.jpg

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс.
 - Балаларға ең алдымен, Е  дыбысын ауада жаздыру.
 - Сауат ашу дәптерінде Е  дыбысына берілген тапсырмаларды жазу.

 Қасқырдың тапсырмасы.   

Суретті сөзжұмбақтар:

Ой толғаныс. Түлкінің тапсырмасы:

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/02/04/original/200831650a240f2423a9820b87590650.jpg

 Ой толғаныс. «Сөз ойла, тез ойла.» Сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

Балалар сендер тапсырмаларды дұрыс орындағандықтан

сендер отырызған шыбықтар үлкен болып өсіп жемісін беріпті.Сол алмадан ауыз тисін деп Есен атай сендерге мына жемістерді беріп жіберіпті .

ІV. Қорытынды. Сұрақ-жауап әдісімен:

- Бүгін  қандай дыбыспен таныстық?

-Е  қандай дыбыс?

-Бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?         

Балалар шаттық шеңберіне тұрып сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Алғырлар» тобы

«Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні кәріп»

«Тапқырлар» тобы:

«Ақыл азбайды білім тозбайды».

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнап, сұрақтарға жауап береді.

-Әріп – дыбыстардың таңбалануы.

-Әріпті көреміз, жазамыз.

-Дыбыстарды айтамыз, естиміз.

-Дыбыстар екіге бөлінеді.

-Дыбыстан буын құралады.

-Буыннан сөз құралады.

-Сөзден сөйлем құралады.

-Сөйлемнен мәтін құралады.

Ң – дыбысымен таныстық

             Ия

Бауырсақ, қоян, аю, қасқыр, түлкі

 Ия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   - Ешкі

 

Дауысты дыбыс

 

Елік, ескек,етік

Сөздерін тауып  кеспе әріптермен жазады және сөйлем құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«А» Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
«А» дыбысын білеміз

«Т» Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
«Т» дыбысын табамыз

«П» Бала отыр партада
Оқы, үйрен шаршама
«П» дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа

«Н» Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы

«Ғ» Ғасыр, ғылым ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар

Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
«Р»- ды айту қиын - ақ
Кейбіреулер қорқуда

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Е е дыбысын әріп таңбасын.

Түсінеді: Е дыбысы дауысты жіңішке дыбыс екенін.

Орындайды: Тапсырмаларды дұрыс орындайды, дәптермен ұқыпты жұмыс жасайды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз