Ақтобе облысы Хромтау ауданы
Нұрлы көш орта мектебі КММ-нің
Бастауыш сынып мұғалімі
Туленбаева Карима Бекмуратовна
Пән: Жаратылыстану Мектеп: Нұрлы-көш орта мектебі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар Күні 20.10.2018 Мұғалімнің аты-жөні:Туленбаева.К.Б Сынып :1 Қатысқандар саны: 30 Қатыспағандар саны: - |
|
Сабақ тақырыбы |
Жануарлардың қалай түрлері болады? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату; 1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру; |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жануарлар туралы біледі Көптеген оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажырата алады, атауларын біледі. Кейбір оқушылар: Үй жануарлардың қалай қоректенетінін, көбеюі туралы әңгімелейді. Жануарлардың тіршілігін зерттейді. |
Бағалау критерийлері |
Жабайы және үй жануарларын ажырата алады; Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді; |
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика мен терминология: Жабайы жануарлар, үй жануарлары, төл, қойқора, атқора. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп ажыратамыз? Жазылым: |
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік ел: 5. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, көркем еңбек, бейнелеу өнері, сауат ашу. |
АКТ қолдану дағдылары |
http://bilimdiler.kz/ - Жаратылыстану |
Бастапқы білім |
Жануарлар-тірі ағзалар |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин |
(Ұ) Ширатуға арналған жаттығу арқылы сабақ тақырыбымен таныстыру. Жануарлар туралы суреттер көрсету. Суреттер негізінде ашық сұрақтар қою: - Суретте нені көріп тұрсыз?
- Неліктен оларды үй жануарлары деп тұрсың? - Неліктен аю орманда өмір сүреді? - Не себепті аюды жабайы жануар деп атаймыз? Топқа біріктіру: Үй жануарлары, жабайы жануарлар
|
Жануарлардың суреттері
Жабайы және үй жануарлары ойыншықтары |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин
8 мин
7 мин
10 мин |
1-тапсырма: (Т) Қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын түсінуін дамыту мақсатында «Төлін тап» әдісін қолдану. Үй жануарларын төлдерімен сәйкестендір, төлдерін ата.
Дескриптор: - Үй жануарларын таниды; Бағалау: Қоян мен көжектер
2-тапсырма: (Ж) Күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуын дамыту мақсатында «Жануарлар қайда қоныстанады?» әдісін пайдалану. Үй жануарларын фермаларына ал жабайы жануарларды орманға орналастыру.
Дескриптор: - Жануарлардың қоныстарын біледі; Бағалау: Қаз бен тауық
3-тапсырма: (Т) Табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділігін дамыту мақсатында «Концептуалды кесте» әдісін пайдалану. Кестені толтыру.
Дескриптор: - Қажетті сөздерді пайдаланып, кестені толтырады; - Жануарлардың тұратын мекенін, содан соң одан алынатын өнім түрін таңдап алады жазады; Бағалау: «Алақан» әдісі
4-тапсырма: Саралау жұмысы. (Ж) Шағын топтар ішәнде оқушылар проблеманы шешу жолдарын талқылау дағдыларын дамыту мақсатында «Аквариум» әдісін пайдалану. 1- тапсырма: Жануарлардан алынатын өнімдердің суретін тауып, соны дөңгелек ішіне алу: жұмыртқа, сүзбе, қымыз, құрт, шұбат, сүт, қаймақ, шұжық.
2-тапсырма: Үй жануарлары туралы төрт шұмақты өлең жатта. 3-тапсырма: Адам үй жануарларын қалай күтіп баптауы туралы суретке қарап әңгіме құрастыр.
Дескриптор: - Жануарлардан алынатын өнімдерді біледі; Бағалау: Кәмпиттер.
|
«Төлін тап» парақшалары
Қоян мен көжектер суреттері
Орман, ферма, жануарлар суреттері
Қаз бен тауықтың суреті
«Концептуалды кесте»
Алақан постері
Өнімдердің суреттері
«Үй жануарларын қалай күтіп баптау» сюжетті суреті
Кәмпиттер |
|||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс: «Атқора» әдісі арқылы Түсіндім, маған сабақ ұнады - жылқы Маған кейбір тапсырмаларды орындауда қиыншылықтар болды - құлын суреттерін атқорақа жабыстыру.
|
Атқора, жылқы, құлынның суреттері |
|||||||||||||||||||||
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||
1- тапсырма: Жануарлардан алынатын өнімдердің суретін тауып, соны дөңгелек ішіне алу: жұмыртқа, сүзбе, қымыз, құрт, шұбат, сүт, қаймақ, шұжық. 2-тапсырма: Үй жануарлары туралы төрт шұмақты өлең жатта. 3-тапсырма: Адам үй жануарларын қалай күтіп баптауы туралы суретке қарап әңгіме құрастыр. |
Қоян мен көжектер Қаз бен тауық «Алақан» әдісі Кәмпиттер. |
Топта жұмыс істеу кезінде топ ережесін сақтау |
|||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі