Өлең, жыр, ақындар

Дені саудың, жаны сау

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы
«Еркетай» бөбекжай–бақшасының
тәрбиешісі Бактиярова Алтынай Бакеновна

Мақсаты: а) Баланың денесін жан–жақты дамыту, дене мүшелерін шынықтыру (дене, аяқ, қол) түрлерін дұрыс орындай білуге үйрету.

ә) Сауықтыру шараларын дұрыс орындай білуін, балалардың  өздерін дұрыс ұстай білуге үйрету.

б) Балаларды ептілікке,ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, жаттығу түрлерін дұрыс орындай білуге тәрбиелеу. Жаттығулар ережесінің дұрыс орындалуын қадағалау.                                                              

Қолданылатын көрнекіліктер: орамал, кілемше, тұзды су.

Сөздік жұмыс: шымыр, саулық негізі

Билингвальды компонент: денсаулық – здоровье.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

1.Сап бойымен кіреді.

2. Сәлемдесу. 

Балалар шеңбер бойымен тізбектеліп жүреді.
Тік ұста бойынды,
Жоғары соз қолыңды.

(қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүреді,қолды  жанға созып, өкшемен жүреді)
Белге қойып қос қолмен,

Көтер аяқ оң жақтан,
Көтер аяқ сол жақтан.  

(қол белде, оң, сол аяқты көтеріп жүру)

Күнде жасап жаттығу,
Бой сергітіп алайық. 

(баяу жүгіру, жылдам жүгіру)

Балаларға әр түсті екі гүлден беріп,бірінің соңынан бірін жүргізіп  шеңберге тұрғызу.                                                  

Бір тізбектеп кіріп, бір қатарға тұрады. Сәлемдеседі.

 

 

 

Өлең мазмұнына сәйкес бірінің соңынан бірі жүріп, қимылдарды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық

- ізденістік

Жан–жақты дамыту жаттығулары: (гүлдермен)

  1. Қол мен иыққа арналған жаттығулар:

  «Тербелу» Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.

  а)  қолдарды жоғары көтеру.
  ә)  екі жанға тербелу, оңға тербелу.
  б)  солға тербелу.

  2. Денеге арналған жаттығулар:

  «Бағыттаушы» Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.

  а)  қолдағы гүлдерді жоғары көтеру.
  ә)  алға созу.
  б)  екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкелу.
  в)  екі қолды жанға созу.
  г)  б.қ.келу.

  3. Аяққа арналған жаттығулар: «Алақай!» Б.қ: тік тұру, қол төменде.

  а)  екі қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкеліп, тізені сәл бүгіп отыру.
  ә)  бір орында секіріп, қолды жанға созу.
  б)  б.қ. келу.

Тыныс алу: «Әдемі гүлдің иісі,
                     Гүл ашады қауызын» (қолдарындағы гүлдерді иіскеу)

Балалар жартылай шеңбер бойымен тұрады. Кенет есік қағылады. Дәрігер апай келеді.

- Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Балалар,бүгін біз жалпы шынықтыру терапиясын жүргіземіз. Деніміз сау болу үшін денемізді шынықтыру керек, жаттығулар жасап тұру керек.

Шынықтыру кезеңнің түрлері:
  1.
Жалаң аяқ жүру. (қол белде, денені тік ұстап шеңбер бойымен жүру)
  2. Жалаң аяқ тұзды суға салынған алаша бойымен жүру.
  3. Денені, қолды ылғал сүлгімен сүрту.
  4. Ауыз шаю. (5% тұзды суды ауыздарын шаю 1 мин)

Сонымен бірге балалардың ұйықтайтын бөлмесін 30 – минут таза ауамен желтету керек.Шыныққан бала аз ауырады, көңіл–күйі көтеріңкі, денсаулығы мықты болып өседі.

Дәрумендерді үлестіріп,келген қонақтармен қоштасады.
Қимылды ойын: «Асық жинау»
1.
Ойын шартымен таныстыру. Еденге  асықтар шашылып тастайды. Балалар екі топқа бөлінеді. Балалардың қолдарына кішкентай шелектер беріледі  «1.2.3.» деген белгі бойынша олар асықтарды жинай бастайды. «Тоқта!» деген белгі бойынша  асықтар жинау тоқталадыда, кім көбірек  жинағанын көрсетеді.

Шеңбер болып тұрады.( гүлдерді алады)

 

Оңға, солға тербеледі.

3-4 рет

 

Қолдарын жоғары көтереді, алға созады.

Қолдарды кеуде тұсына әкеледі, жанға созады. 3-4 рет

 

Қолдағы гүлдерді кеуде тұсына әкеледі, бір орында секіреді. 3-4 рет

 

Мұрынмен демалып, аузымен шығарады.

 

 

 

Балалар сәлемдеседі.

 

 

 

 

Балалар  шынықтыру шараларын жасайды

 

2-3 рет

 

1 минут

Бір–біріне кедергі жасамай ұйымшылдықпен ойнайды.

Рефлексиялық  түзетушілік

1. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

2. Жаттығулар ережелерінің толық орындалуын қадағалау.

3. Балалардың жасаған іс–қимыл жаттығуларына ризашылық білдіру. Әр баланы мадақтау.

Балалар жаттығу түрлерін толығымен орындайды.

 

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: балалар тәрбиешімен бірге жаттығу түрлерін жасай алады.

Түсінеді: өз денсаулығын сақтай білуді түсінеді. 

Қолданады: жаттығу түрлерімен танысып, орындай алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз