Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Акильбаева Жанна Даулетбековна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Оқу қызметі: Сурет салу.
Тақырыбы: «Менің қалам»
Мақсаты: Балаларға өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз қаламызды сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу. Сурет салып, бояу техникасын меңгерту. Қаладағы үйлердің ерекшелігіне шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Бояулар, қылқалам, суреттер.
Билингвальды компонент: Үй - дом, қала- город.
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың қызметі |
Мотевациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Қайрлы таң, балалар! Жарқырады қаламыз. Жайнай түсті даламыз. Қайырлы таң, апайлар! - Балалар, көңіл-күйіміз қалай? - Ендеше осы жақсы көңіл-күйімізбен оқу қызметімізді бастайық. - Балалар бүгінгі күн ерекше күн. - Ерекшелігі неде екен? - Олай болса, апайларға өз білімімізді көрсетейік. |
Шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
- Бізге қонаққа апайлар келді. |
Ұйыдастырушылық ізденушілік
|
Кіріспе. Әңгіме. - Балалар біздің Республикамыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы қандай Республика? - Еліміздің астанасы қай қала? - Өзіміз қай облыста тұрамыз? - Балалар бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы еді, жақында Түркістан облысы болып өзгертілді. - Өзіміздің тұратын ауылдың аты қандай? - Қазақстанда үлкен және кіші қалалар көп. Біз бүгін өзіміздің сүйікті шырайлы Шымкент қаламыз туралы айтамыз. Шымкент қаласы біздің ауылға өте жақын қала. Біз бәріміз қалаға жиі-жиі барып тұрамыз. Ал олай болса мына бейне роликтен Шымкент қаласына саяхат жасайықшы. Суретте не көріп тұрсыңдар. - Шымкент қаласында әдемі ғимараттар мен үйлер, дүкендер, дәріхана, саябақтар бар екен. - Мынау қандай ғимарат? Әр баладан сурет арқылы сұрақтар қойылады.
Сергіту сәті: Шарсасаңдар балалар, Қолдарыңды созыңдар. Саусақтармен ойнаңдар. Қолдарыңды сермеңдер, Денелерің шынықсын, Саналарың тынықсын. - Жарайсыңдар, балалар, ендеше Шымкент қаламызда өте үлкен үйлер көп және әртүрлі. -Сендер қандай үйлерді көрдіңдер? Ойын: «Қаламызды көркейтеміз» Ойын шарты: балалар фетр мата бетіндегі бейнелерді жапсырып шығады. - Ал қазір балалар, сендерге көп қабатты үй салуды ұсынамын. Сендердің алдарыңда әйнек жатыр. Сол әйнектің үстіне көп қабатты үй саламыз. Бірақ, сендер өте мұқият болыңдар. Әйнектің бетіне сурет салуды түсіндіріп, көрсетіп өту. - Әйнектің бетіне гуащпен бояу. - Балалар үйдің қабырғасы қандай пішінге ұқсайды? - Енді үйдің шатырын қызыл түспен бояймыз. - Үйіміздің шатыры қандай пішінге ұқсайды? - Ал, балалар сурет салуға кірісейік. - Балалардың өзіндік жұмысы. Көмек қажет балаларға көмек көрсету. |
- Қазақстан Республикасы. - Егеменді тәуелсіз Қазақстан. - Астана. - Түркістан облысы.
- Састөбе. - Балықты.
- Үйлер, дүкен, дәрхана.
Балалар өз жауаптарын айтады.
- Керіледі - Алға екі қолын созады. Саусақтарын ойнатады. - Қолдарын сермейді. - Денелерін қимылдатады. - Бастарын ұстайды.
- Биік, көпқабатты, аласа үйлерді. Ойынға қызығушылық танытты. - Төртбұрышқа.
- Үшбұрышқа.
Сурет салады. |
Рефлекциялық түзетушілік
|
Қорытындылау. - Балалар біз қандай сурет салдық? - Үйіміз қандай? - Сендерге үй салу ұнады ма? - Біздің қаламыздың аты қандай? Осымен оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап мадақтау. |
- Үйдің суретін салдық. - Биік үй. - Иә. - Шымкент. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шымкент қаласын.
Түсінеді: суретті салу техникасын.
Меңгереді: балалар Шымкент қаласындағы үйдің суретін салуды.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі