Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Аяжанова Гульнара Нурманкуловна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Көктем келді»
Мақсаты: а) Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді), сөз тіркестерін құрастыруға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету.
ә)Жұмбақтардың мағынасын түсінуге, сурет арқылы шешулерін табуға үйрету, «к» дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
б)Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Көктем көрінісі»суреті
Сөздік жұмыс: бәйшешек, бүршік көктем
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Сәлемдесу. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң» деймін мен |
Сәлемдесіп бір-біріне ыстық ықыластарын білдіреді. Тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
- Жарайсыңдар балалар! Балалар! Олай болса оқу іс–әрекетімізді бастаймыз. Бүгін біз «Көктем келді»деген тақырыпта оқу іс –әрекетін өткіземіз. Мен сендерге өлең жұмбақ жасырамын, жауабын табыңдар. Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Айтыңдаршы балалар, Бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар - Балалар бір жылда неше мезгіл бар? - Қазір қай мезгіл? - Ал, көктем мезгілінде неше ай бар? - Айтыңдаршы Ой жарайсыңдар! - Балалар көктем мезгілінде ең бірінші болып шығатын бәйшешек гүлі. Ол қар ери сала өсіп, гүл ашады. Міне суретіне назар салыңдаршы. Оның түсі қандай болады екен? Қане көктем мезгіліне арналған тақпақтарыңды айтып беріңдерші. Мейірім: Бүршік жарып ағаштар, Құстар ұя салады. Сылдыраған бұлақтар, Ағып бара жатады.
Айда: Жақсылықты қолдаймыз, Табиғатты қорғаймыз. Гүл егеміз бақтарға Айналасын қорғаймыз
Жансая: Құс ұясын бұзбаңдар, Балапанын алмаңдар. Құстар біздің досымыз, Обалына қалмаңдар.
Аян: Көктем болды алақай Қуанар барлық балақай. Көктемде жаңбыр болады, Бақшаға гүлдер толады.
- Дұрыс айтасыңдар! Балалар ерте көктемде ағаштар бүршік атады, жерге көкпеңбек болып шөптер өседі. Күн жарқырап тұрады. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Олар сайрағанда көңіл-күйіміз көтеріледі ме? Құстарға біз қамқор болуымыз керек,олардың ұясын бұзбай, керісінше оларға ұя жасап, жем беруіміз керек. Суретпен жұмыс: -Балалар, біз қазір қалай киінеміз? - Ия, дұрыс айтасыңдар,қазір қыстағыдай қалың қалпақ, қолғап, етіктерімізді тастап жеңіл ыңғайлы киімдерімізді киеміз. - Балалар айналаның бәрі қандай? - Мына жерде судың жағасында бала не істеп отыр?
Сергіту сәті: Қоюланып қара бұлт, Жаңбыр жауды себелеп Жапырақты жамылып, Жата қалды көбелек.
- Ал жарайсыңдар! Енді біз «суреттердің орнын тап» деген дидактикалық ойынын ойнаймыз. Екі-үш бала шығып суреттегі белгіленген орындарға керекті суреттерді жабыстырады. - Жарайсыңдар! Балалар көктемде шөп өседі,бәйшешек өседі,ағаштар бүр жарады деп жатырмыз. Бұл көктемге тән құбылыстар. Оларды күнде айтамыз, теледидардан көреміз,бірақ қолмен жасап көрген жоқпыз гой. Олай болса қазір мына тұрған ағашымызды көктемдегідей гүлдендіріп көрейікші. Шығармашылық жұмыс: Көрдіңіздерме біздің балалардың қабілеттерін. - Балалар біздің ағашты гүлдендіріп жатқанымызды көріп құстар қуанғандарынан ән салып жатыр. - Сендердің көңіл-күйлерің көтерілдіме? Олай болса осы көтеріңкі көңіл-күймен келген қонақтарымызға тілек айтып,жасаған гүлдерімізді берейік - Рахмет, балалар. |
Балалар мұқият тыңдайды
- Көктемде
- Төрт мезгіл - Көктем - Үш ай бар
- Наурыз, сәуір, мамыр
- Ақ
Балалар тақпақ айтады.
- ия
- Қалың киімдерімізді тастап,жеңіл киінеміз.
- Жап жасыл шөп - Алғашқы көктем гүлдерін теріп жүр
Балалар өлең жолдарына сәйкес іс-қимыл жасайды.
- Алақай
Ойын балаларға ұнайды
- Ия Балалар тілек айтып тәрбиешілерге гүл сыйлайды. |
Рефлекциялық түзетушілік |
- Бүгін суреттен не көрдіңдер? - Көктемде құстар қай жақтан ұшып келеді екен? - Ағаштарда не өседі? - Жарайсыңдар - Балаларды мадақтау |
Балалар өз жауаптарын айтады. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Жылдың қай мезгілі екенін
Игереді: суреттермен жұмыс жасай алады
Меңгереді: өз еріктерімен жұмыс жасай алуы
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі