Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Спорт нұсқаушысы: Ибатбекова Жазира Еркебаевна
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру.
Мақсаты: еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуге, тепе-теңдікті сақтауға, заттарды оң және сол жағынан айналып өтуін бекіту.
Қолданатын құрал-жабдықтар: таяқшалар, шыршалар, көлшіктер, саңырауқұлақ, сылдырмақтар.
Әрекет кезеңдері. |
Нұсқаушының іс-әрекеті. |
Балалардың іс-әрекеті. |
|
Балаларды саппен кіргізіп, сапқа тұрғызу. Сап бойында сәлемдесу. Сәлеметсіңдерме балалар?
Бүгінгі ашық оқу қызметімізде қонжыққа қонаққа барамыз. Бізге қонжықтан хат келді. Кәне ашып оқиық: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен орманда жалғызбын. Менімен бірге ойнауға келіңдерші. Сендерді менімен бірге ойнауға шақырамын.
Нұсқаушы: Балалар қонжықпен ойнауға барамыз ба?
Оңға. Алға қадам бас. Бір саптізбекпен жүріп ормандағы бұталардан аттап өтеміз.
Орманда өсіп тұрған шыршалардың арасынан ирелеңдеп жүріп өтеміз.
Көпір үстінен суға құлап кетпей тепе- теңдік сақтап жүріп өтеміз.
Нұсқаушы: Балалар қараңдаршы біз орман ішінен саңырауқұлақ тауып алдық.Кіне сағырауқұлақтың ішінде не бар екен? Саңырауқұлақ ішінде сылдырмақтар бар екен. Нұсқаушы: шеңбер бойында тұрып сылдырмақтармен жалпы дамыту жаттығуларын жасаймыз. Жалпы дамыту жаттығулары: 1. Сылдырмақтарды алға, жоғары, екі жанға, төмен. Сылдырмақтарды сылдырлату. Бастапқы қалыпқа келу. 2. Сылдырмақтарды жоғары көтеру, оңға иілу, жоғары, төмен. Сылдырмақтарды сылдырлату. Бастапқы қалыпқа келу. 3. Сылдырмақтарды жоғары көтеру, солға иілу, жоғары, төмен. Сылдырмақтарды сылдырлату. Бастапқы қалыпқа келу. Тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Нұсқаушы: Сылдырмақтарымызды саңырауқұлақ ішіне жинаймыз. Сап түзеп тұрамыз. Негізгі қимыл жаттығуларын жасаймыз. 1. Еденге төселген тегіс тақтай үстімен төрттағандап еңбектеу. Қайталаймыз. Зал бойын айналып тыныс алу жаттығуларын жасаймыз. Нұсқаушы: Балалар қараңдаршы мынау қай жануардың табанының ізі? Аюдың баласы қонжықтың ізі екен. Кәне із бізді қайда апарады екен? Міне қонжықтың апанының қасына келдік. Апаннан қонжық шығады. Қонжық: Сәлеметсіңдерме балалар? Мен сендерді көп күттім. Сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Менімен ойын ойнайсыңдарма? Ойын: «Мені қуып жетіп, ұстап ал» Ойынның шарты: Балалар қонжықты қуып ұстап алады.Қонжық балаларды қуалайды. Ойын осылай жалғасады. Қонжық: Рахмет балалар,мен сендермен қызықты ойын ойнадым. Сендерге дайындаған сыйлығымды берейін. Сау болыңдар. Нұсқаушы: Жарайсыңдар, балалар!
Біз бүгін қайда бардық?
Орманда не тауып алдық?
Ненің ізін көрдік?
Қонжықпен қандай ойын ойнадық?
Бүгінгі ашық оқу қызметіміз сендерге ұнадыма?
Тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Сау болыңдар! |
Сап тұрды. Сәлеметсіз бе.
Қонжықтан келген хатты тыңдады. Ия,барамыз. Тізбек бойымен жүріп ормандағы бұталардан аттап өтті.
Шыршалар арасымен ирелеңдеп жүрді.
Тепе-теңдік сақтап өтті. Саңырауқұлақ.
Сылдырмақтар.
Шеңбер жасап тұрды.
Сылдырмақтарды алға, жоғары, екі жанға, төмен түсірді.
Оңға иілді,солға иілді. 2 рет қайталады.
Тыныс алды.
Сылдырмақтарды саңырауқұлақтың ішіне жинады.
Негізгі қимыл жаттығуларын жасады. Тыныс алды.
Қонжықтың.
Қонжықтың ізімен жүрді.
Қонжық шықты.
Қонжықпен сәлемдесті. Ойын ойнауға келісті. Ойынның шартымен танысты.
Ойынды қызықты ойнады.
Орманға.
Саңыраулақ.
Қонжықтың ізін. Мені қуып жет ойынын ойнадық. Ия,ұнады. Тыныс алу жаттығуларын жасады. Сау болыңыз. |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі