Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Кулбаева Жиенкул Амановна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Алтын балық»
Мақсаты: Балалардың балықтар тулалы түсініктерін молайту. Тірі табиғаттың әсемдігін сезіндіру, табиғатты қорғай білуге баулу. Әр түрлі заттармен, пішіндермен балық жасату. Балалардың саусақ маторикасын, ой-өрісін дамыту.
Көрнекі құралдар: Балықтардың суреттері, диск, пішіндер, бисер, желім, қайшы.
Жаңа сөздер: Жүзбе қанат, желбезек, қабыршықтар,
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің қызметі |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушылық
Ұйымдастырушылық Ізденушілік
Ұйымдастырушылық ізденушілік
|
Ұ.О.Қ-де оң көңіл күй орнату. Достармен бірге жүреміз Бірге ойнаймыз Күлеміз. Бірге балық аулаймыз Міне біздер қандаймыз. Бөлінбейді іргеміз, Әрқашан біз біргеміз.
Жарайсыңдар балалар орындарыңа отыра қойыңдар. Балалар қазір біз «Кім епті?» деген ойын ойнасақ, ойнағыларың келе ме? (Ойын шарты түсіндіріледі) - Балалар менің қолымдағы не деп ойлайсыңдар? - Қармақпен не істеуге болады? - Жарайсыңдар балалар! Бұл жәй қармақ емес, сиқырлы қармақ. Осы қармақпен балық аулап көреміз бе? Олай болса теңізге саяхатқа шығамыз. - Қане Рамазан келе ғой. Теңізден балық аулап көрейік. Балалар қараңдаршы Рамазанның қармағына бір балық түсіпті, ол қандай балық болады екен? Балалар, бұл-шортан балық. Қандай балық екен? (Магнитті қармақпен балалар біртіндеп балықтарды аулайды. Аулаған балықтардың аттарын қайталап айтқызу.) Жарайсыңдар, балалар, енді аулаған балықтартарыңа назар аударайықшы. Сендер балық тардың аттарын білдіңдер. Балалар, балықтар қайда тіршілік етеді? - Дұрыс айтыңдар. Негізінде балықтардың түрлері өте көп. - Балалар, балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсайды екен? - Балықтың мынау несі - Басында желбезегі болады. (көрсету, қайталату) Несі болады екен? Олар осы желбезегі арқылы дем алады. Ал денесінде нелері бар екен? Дұрыс айтасыңдар. Ал денесіне жалғасқан мынау не екен? Денесінің арқасындағы, жүзбе қанаттары. (қайталату) Осы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзе алады. - Балалар балықтарды адамдар не үшін пайдаланады? Қандай тағамдар жасауға болады? Дұрыс айтасындар балықтан әр түрлі тағамдар пісіруге болады екен. - Балалар, тағам ретінде пайдаланбайтын, әсемдікке үйде асырайтын балықтардың түрлері де болады екен. Сондай балықтарды көргілерің келе ме? - Ендеше сондай тірі балықтарды көз алдымызға елестетіп көрейікші. (Балалар көздерін жұмады, сол кезде аквариумды ашу) Балалар, көзімізді ашып қарайықшы, суда жүзіп жүрген нелерді көріп тұрмыз? - Балықтар қандай ыдыстың ішінде жүзіп жүр екен? - Бұл шыны ыдыс «Аквариум» деп аталады. - Акварумдағы балықтар бағана өзіміз аулаған балықтарға ұқсай ма? - Балалар, акварумдағы балықтардың түрлері қандай екен? - Мына үлкен балықтың түсі қандай? - Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықтар көріп тұрмыз? Түсі қандай? - Неше балық бар екен? - Аквариумда басқа тағы нелер көріп тұрмыз? - Дұрыс айтасыңдар. - Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет? - Сонымен қатар балықтарға да қажеті бар. Олар бұтақтардың арасына кіріп тығылады, жем іздейді. Аквариум техникалық құралдармен де жабдықталған. Онда суды арнайы жылытатын ауа жіберетін, жарық түсіретін құралдар бар. Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Балалар, қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек? - Дұрыс айтасыңдар, әрине тамақ керек. Оларға арнайы дүкендерде сатылатын мынандай қалтадағы жемдерді береміз. Балалар, балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар? - Жарайсыңдар! Балалар, аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды. (Балалармен бірге балықты тамақтандыру) - Балалар ертегілерде алтын балық адамдардың тілектерін орындайды екен. Мүмкін біздің де тілегімізді орындап қалар. Біз де алтын балыққа тілегімізді айтып көрсек қалай қарайсыңдар? - Ендеше орнымызға барып сергіту сәтін жасап алтын балыққа іштей тілегімізді айтып үрлеп жіберейік.
Сергіту сәті. Жәй әуенмен балықтар ұқсап жүземіз, сыбырлап іштей тілегімізді айтамыз. Алтын балық естпей жатыр қаттырақ жүзіп тілегімізді үрлеп жіберейік. -Уф,Уф, Уф. Жарайсыңдар, тамаша!
Балалар аквариумдағы балықтар сендерге ұнады ма? -Ендеше бүгінгі жапстыру оқу іс-әрекетін пайдалана отырып «Алтын балық» жасайықшы. - Балалар бүгін мен сендерді үш топқа бөлдім, үшеуіңе үш түрлі балық жасауды тапсырамын қай топ жақсы жасайды екен. 1-топ Дискімен. 2-топ Бисермен. 3-топ Пішіндермен.
Қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі. -Балалар қайшымен жұмыс жасағанда абай болыңдар бір-біріңе қарап сілтімеңдер қиып бола салып алдымызға қоямыз, желімді аузымызға салмаймыз, жұмыс жасағанда досымызға кедергі келтірмейміз. Бір-бірімізге көмектесеміз. (Балалар Алтын балық жасайды) - Жарайсыңдар балалар әр-түрлі әдемі «Алтын балық» жасап шықтыңдар. - Балалар «Алтын балық» біздің тілегімізді естімеген сияқты кәне жасаған алтын балықтарыңа дауыстап тілегімізді айтып көриікші. (Балалар тілектерін айтады).
Білімдерін бекіту. «Балықтың қандай дене мүшесі жоқ?» 1-Балықтың басында дем алатын несі болады? 2-Балықтың несі жоқ? 3-Балықтың денесінде нелері бар еді? 4-Балықтың денесіне жалғасқан несі жоқ? Жарайсыңдар. |
Балалар шаттық шеңберін құрып тәрбиешімен бірге қайталайды.
-Ия
-Бұл-қармақ.
-Балық аулауға болады.
-Ия
- Шортан
- Суда.
- Сопақша.
- Басы.
Желбезегі
Қабыршықдары.
Құйрығы
Тағам ретінде Балық сорпасын Катлет Қуырып жеуге болады
- Ия көргіміз келеді.
-Балықтарды
- Шыны ыдыста.
Әр түрлі.
Қызыл
Кішкентай
Сары
Тастар, шөптер,
- Әдемілікке
Тамақ керек.
Құрт, шлаушын, жасыл шөп.
- Әрине қалаймыз.
Балалар балықтар ұқсап жүзеді, тілектерін айтып үрлейді.
- Ия ұнады
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Қауіпсіз ережесін сақтайды.
Желбезегі.
Көзі. Қабыршығы. Құйрығы. |
Рефлекциялық түзетушілік |
Балалар, бізде қандай оқу іс-әрекеті болды? - Онда біз нелермен таныстық? - Қандай балықтарды көрдіңдер? - Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не жасадық? - Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма? Жарайсыңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыстыңдар. |
Жапстыру. Балықтармен. Балық. Ия ұнады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар тірі табиғаттың әсемдігін сезініп, оған қамқор болуды. Балықтардың дене мүшелерін ажырата білді.
Орындады: Балалар өздері Алтын балық жасап шықты.
Қолданады: Балалар оқу барысында жаңа сөздерді, жаңа тәсілдерді қолданды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі