Тәрбиеші: А.Бекенова
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Арайлы, Алтын күз!
Мақсаты: Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктері мен білімдерін кеңейту.
Ой – өрістерін, жан – жақты білімдерін, танымдық қабілеттерін, талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: Еңбекке, табиғатты сүюге, қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түзету жұмысы: Ойлау қабілетін дамыту. Көз жаттығуларын жасату.
Түрі. Тәрбие сағаты
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың қызығушылығын ояту.
ІІ. Кіріспе.
Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып, "Алтын күз - 2017" мерекесімен құттықтаймын.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
ІІІ. Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мезгіліне байланысты сұрақтарға жауап беру
1.Күз мезгілінде табиғат қандай өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.
2 . Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі, Шықса – жасыл, Түссе – сары. Бұл не? Жапырақ
3 .Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте күз, алтын күз, қара күз.
4.Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
5 . Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай түскен. - Жеміс.
6 .«Мақал - мәтелді жалғастыр» 1. Еңбек түбі ---------- 2. Еңбек етсең ерінбей ------------
7 . Бес жеміс - жидектерді атап беру. - Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.
8 . Бес көкөністерді атап беру. - Пияз, қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз..
Оқушыларға "Алтын күз" туралы суреттер салғызу.Оқушылардың салған суреттерін тамашалау. Әр оқушы өзінің салған суреті туралы әңгімелейді.
Жұмбақтар шешу
1. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
2. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
3. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат – қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін? (Қырыққабат)
4. Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп)
5. «Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)
6. Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды. (Жапырақ)
7. Алтын сары тоны бар.
Қойынында дәні бар. (бидай)
8. Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
9. Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)
10. Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)
11. Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады. (Жел)
12. Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн)
13. Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл әлі. (Қарбыз)
Мақал-мәтелдердің жалғасын тап
1. Батыр туса ел ырысы
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
2. Ағаш — жапырағымен,
(Жер — топырағымен)
3. Егініңді күн суар,
(Күн суарма, түн суар)
4. Ырыс алды – (ынтымак)
5. Ас адамның – аркауы.
6. Сабыр түбі (сары алтын)
7. Арпа, бидай – ас екен,
(Алтын, күміс – тас екен)
8. Жаңбыр жауса, жерге сый,
(Жігіт туса, елге сый)
9. Шебердің қолы — ортақ,
(Шешеннің сөзі — ортақ)
10. Ағаш көркі жапырақ
(Адам көркі шүберек)
11. Жас жемісті жұлма,
(Жас баланы ұрма)
12.Сәуір болмай, (тәуір болмас)
13. Жазда не ексең-(күзде соны орасың)
14. Нөсер алдында (найзағай ойнайды)
ІV. Қорытынды
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап,
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ,
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты,
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты, — демекші, міне, оқушылар, жылдың қай мезгілінде болмасын барлығыңыздың амандықтарыңызды тілеймін. Білімді болыңыздар, өнерлі болыңыздар!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі