Жамбыл облысы, Талас ауданы,
Қаратау қаласы "Бәйтерек" балабақшасының
дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Балбекова Камила 2-санатты дене
тәрбиесінің нұсқаушысы
Тақырыбы: «Денсаулық – басты байлық»
Мақсаты: Тәрбиешілердің денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Қолданылатын құралдар: жасанды аттар – 2 дана, доптар, жіп – 2 дана, белгілер – 8 дана, маты – 1 дана.
Жарыстың барысы:
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
Құрметті әріптестер бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!
Спорт әрқашанда адамзат тарихында ерекше орын алған. Спорт – қозғалыс, қуат, денсаулық өмір екені белгілі. Сондықтан өмірді бағалаған әр адам бүгінгі таңда салауатты өмір салтын белсенді қолдап, денсаулық үшін күресті табанды жүргізеді дей отырып,
сіздерді бүгінгі «Денсаулық күніне» арналған шағын іс-шарамызға қош келіңіздер!
«Сұңқар» «Тұлпар»
Екі топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :
Құттықтау сөз: Балабақша меңгерушісі Р.А. Кадирбаеваға беріледі.
Сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды
Жүргізуші:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт, - деген сөзді құр айтпаған ұлы Абай атамыз да, дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен бүгінігі жеңістеріңізбен құттықтаймын. Баршаларыңызға денсаулық тілеймін. Осымен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
berik258
Супер!!!!