Сыныбы 3
Сынып жетекші: Тойбахова Жадыра
Мектеп: №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Арал ауданы, Шижаға ауылы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Достық алтыннан да қымбат
Тәрбиелік сағатының мақсаты. Оқушыларға «достық» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, бір-бірімен адал, достық қарым- қатынаста болуға баулу
Бағыты: өзін-өзі танумен өзін – өзі қалыптастыру
Формасы: Пікірлесу
Әдісі: сұрақ жауап, тренинг
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, интербелсенді тақта
Уақыты: 31 қаңтар
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін тәрбиелік шараға дайындау
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу
ІІ. Кіріспе бөлім
Мұғалім сөзі: Достық әдеп, сыйласым
Дос өмірлік қимасым.
Доы арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым- тәтті- дегендей, бүгінгі «Достық алтыннан да қымбат» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Бір-бірінесағаттың тілінің бағыты бойынша кезекпен достық тілектерін білдіреді.
ІІІ Негізгі бөлім
Балалар «дос» деген сөз өте қасиетті ұғым. Оның астарында үлкен мән-мағына жатыр. Ал өздерің «дос» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалар, осы үш әріптен тұратын «дос» сөзінің мән-мағынасын ашу барысында мына сахналық қойылымды тамашалайық:
Сахналау: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісі
Автор-Амандыққызы Үміт
Қарлығаш – мырзабаева А
Жылан-Смайлов Д
Көкек – Избасов Н
Қарға Амангелдиев Н
Қарлығаш балапандары- Мұзаппарқызы, Есбергенова, Әлмұратова
-Ал, балалар, осы көріністе көріп отырғандай қарға мен көкек қарлығаштың шын достары деп ойлайсындар ма?
-Осындай жағдай тек қана құстардың арасында кездеседі деп ойлайсыңдар?
- Балалар достықтың неше түрі болады?
-Амал дос пен адал достықты қалай ажыратамыз? (оқушылар жауабы тыңдалады)
«Сенің пікірің» қанатты сөздердің мағынасын ашып, өз пікірлерін айтады
«Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын»
«Татулық – достықтың кепілі»
«Айнымас досы бар адам- ол бақытты адам»
«Достық көзден кетсе де, көңілден кетпейді»
Сергіту сәті «Балалар достығы» ойыны
Ойынның шарты: Балалар шеңбер бойымен тұра қалады. «қол-қолға», «иық-иыққа, «бас-басқа», «шаш-шашқа» деген кезде жанында тұрған балалармен бір-бірінің денелерін түйістіреді. Соңында адам-адамға дегенде бір-бірімен құшақтасады.
Ситуациялық сұрақтар
Дана мен Сырымды шын дос деп айтуға бола ма?
Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсың?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады
Сахналау Мұхтар Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
Автор: Аманжолова Ұ рөлде- Ерболатұлы М
Досы-Мырзабаве нұрдәулет
Нағашы- Махамбетжанов Н
Нағашы әжесі: Қуанышбаева Н
Інісі-Қуатжанұлы Қ
Қорытынды
Балалардың білім-біліктерін тиянақтау үшін тапсырма ұсынылады
Ендеше балалар, тақтадағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді бір қатарға, амал достыққа тән қасиеттерді екінші қатарға жинақтайық
Сыйластық
Шыншылдық
Мейірімсіздік
Кешірімсіздік
Көзбояушылық
Түсіністік
Алаяқтық
Қамқорлық
Татулық
Адамдардың бір-біріне деген ең қымбатты сезімдерінің бірі – достық. Ал адамдардың бойындағы ең игі қасиеттердің бірі- достаса білу. Адамдар қарым-қатынасындағы аса бағалы құндылық- достық. Сол себепті,балалар, әрқашанда , дос болайық бәріміз
Ән «дос болайық бәріміз»
Сөзі: Х. Талғаров
Әні И. Нүсіпбаев
«Достық алтыннан да қымбат» тақырыбындағы тәрбие сағатынан алынатын сауалнама
Қарлығаш пен Дәуіттің достығы қандай?
А адал
Ә. Амал
Б. Достыққа жатпайды
2.Қарға мен көкектің іс-әрекетін дұрыс деп санайсың ба?
А. Жоқ
Ә. Иә
Б білмеймін
3.«Айнымас дос бар адам- ...» жалғасын тап.
А. Досыңа көмектес
Ә достық кепілі
Б ең бақытты адам
Адал достықтың мәнін түсіндің бе?
а түсіндім
ә түсінуге қиын болды
б түсінбедім
Досым саған сенемін, сеніп өтем,
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен, - деп М. Мақатаев ақын жырлағандай достық деген адам өміріндегі қымбат сезімдердің бірі. Ендеше әрқашан достықты бағалай білейік. Мен бүгінгі көңіл - күйімізді күнге теңегім келіп отыр. Мына жап - жарық күніміздің шуақтарына шын дос қандай болу керек соны жазып ілеміз. Барлығымыздың бойымыздан осы аталған жақсы қасиеттер табылып, осы күндей жарқырап - жайнап жүре берейік! Достарымыз әрқашанда көп болсын!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі