Өлең, жыр, ақындар

Ойлы болсаң, озып көр

Аты-жөні:   Қуанышбаева Батпа Бекеновна

Мекен-жайы:    Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Жаңажол жалпы орта мектебі

Туған жылы:1969 ж

Қызметі:  Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: "Ойлы болсаң , озып көр"(жарыс сабақ)

Сабақтың мақсаты: Оқушылыардың алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қортындылау және жүйелеу, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларынжетілдіруді пәнге деген қызыығушылығын, белсенділігін арттырып, ой-өрістерін кеңейтуді, шығармашылық тапсырмалар арқылыесте сақтау қабілеттерін, ақыл ойын дамытуды, адамгершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Бұл сайыста алған білімімізді қандай дәрежеде екнгімізді, оны жетік меңгере алғанымызды көрсету.

Сабақтың типі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: Табло, конверт, үлестірмелі карточкалар, математикалық сөзжұмбақ, музыкалық бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушыларды түгелдеу.

ә) Сабаққа бейімдеу.

- Балалар бүгін біз өткен сабағымызға қайталау жасаймыз. «Қайталау - білім анасы» деп айтқандай өткен сабақтарымызда алған білімдерімізді қалай меңгеріп , қаншалықты білім алғанымызды 2-топқа бөліп, яғни сайыс түрінде көрсетеміз. Топтармен таныстырамын:

І-топ «Ойшылдар» тобы

ІІ-топ «Тапқырлар» тобы

Сайыс түрлерімен таныстырамын:

  1. «Кім білгір»(топ басшыларына сұрақтар қойылады)
  2. «Бәйге»(топ мүшелеріне сұрақтар қойылады)
  3. «Ертегі есеп»(ертегі бойынша есеп беріледі)
  4. «Кім шапшаң»(көбейту кестесінен сайыс)
  5. «Ойлан тап»( логикалық есеп)
  6. «Кім зерек»( амалдарды орындау арқылы сөзжұмбақ шешуі)

 

  • » тобының ұраны:

Бұл сайыста болма бос,

Біліміңе білім қос.

1-оқушы: Келешекте үмітіміз талапты

Атақ даңққа бөленеміз қазір біз.

Сегіз қырлы, ойшылдар боп тұрғандар,

Оза шауып, бәйгеге атындай жарап тұр.

  • » тобының ұраны:

Тартысайық сайыста күш –жігермен

Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.

 

1-оқушы:    Бабамыз Ал- Фараби өзің қолда

                 Жеңіс тек бізде болар осы жолда.

                 Біліміміз бар ойшылдармен сайыспақ,

                 Ойлы болсаң озып көр бұл сайыста-ақ.

2- топтың оқушылары математика пәні бойынша жаттаған өлең шумақтарын айтады.

1-оқушы.   Сәлеметсіздерме оқушылар!

                 Нақты ғылымға қызығушылар.

                 Естігенін естіп тұрып,

                 Оқығанын миға тоқушылыр.

2-оқушы.   Сәлеметсіздерме, ұстаздар.

                 Айтар ойын тұспалдар.

                 Сіздер оқытқан оқушылардың,

                 Сәті келді сыналар.

3-оқушы.   Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

                 Арасында ойын ойнап жарысамыз.

                 Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

                 Әзіл есепке де отырамыз.

4- оқушы. Терең ғылым сананың,

                 Тегі деп ой саламыз.

                 Маңыз беріп оқимыз,

Математика сабағын.

5-оқушы.   Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп,

                 Ауырсаң ішетұғын дәрі де есеп.

                  Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз-ау.

                 Дүниенің  бар тұлғасы есеп десек.

6-оқушы.   Ой сананы арттыру,

                 Бүгінгі күн талабы.

                 Біле білсең бұл дәуір,

                 Математика заманы.

7-оқушы.   Дүниедегі құбылыстың мәні не,

                 Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де.

                 Мүмкін емес есептерсіз түсіну

                 Есебіңіз- дүние кілті әлі де.

8-оқушы.Қазылар орнықтырар әділдікті,

                 Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

                 Біліммен тапқырлықтың жарысында,

                 Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

                 Осымен сайысымызды бастаймыз.  

1-тапсырма. «Кім білгір»(топ басшыларына сұрақтар қойылады)

Топ басшыларына сұрақтар:

«Ойшылдар»топ басшысына қойылатын сұрақтар:

  1. 1сағатта неше минут бар?
  2. 1-ғасырда неше жыл бар?
  3. Дециметр дегеніміз не?
  4. Бір тәулікте неше сағат бар?
  5. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.
  6. 1 дм 4 см неше см болады?
  7. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
  8. 80 мен 7 сандарының айырмасынан 3 санын азайт.
  9. 50-ге 8 және 5 сандарының қосындысын қос.
  10. 2 жүздіктен 5 ондықты азайтамыз.

«Тапқырлар» топ басшысына қойылатын сұрақтар:

  1. Шаршы деген не?
  2. Периметрді қалай табамыз?
  3. Салмақ өлшем бірліктерін ата.
  4. 1 ц. неше кг бар?
  5. 8 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.
  6. 60 пен 5-тің қосындысынан 3- ті азайт.
  7. 1 метр 4 см неше см бар?
  8. Қосуға кері амалды ата.
  9. 3 жүздіктен 2 ондықтан 3 бірліктен тұратын санды ата.
  10. Қосудың нәтижесі қалай аталады.

2-тапсырма«Бәйге» бойынша топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар.

                           І-топ:

  1. 2 ондық 7 бірліктен 3 бірлігі артық сан
  2. 9 ондық 9 бірліктен тікелей кейін келетін сан
  3. Ең кіші екі таңбалы санды 9 бірлікке арттыр.
  4. 1 жүздік 2 ондық 5 бірліктен  3 бірлікті кеміт
  5. 1 километрде неше метр бар?
  6. Әр қайсысына 3 дәптерден бергенде 27 дәптерді неше бала алды?
  7. 2 сағатты  20 минутқа арттырып, 1 сағатқа кеміт.
  8.  9 ондықтан 1 бірлігі кем сан.
  9.  1центнер 32 киллограмда барлығы неше киллограм бар?
  10. 16 санының төртен бір бөлігін ата.

                                  ІІ-топ

  1. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан.
  2.  Масса өлшем бірліктерін ата.
  3. 18 санының үштен бір бөлігі
  4.  1 сағат 35 минутта неше минут бар.
  5. Ең кіші үш таңбалы саннан 3-ті кеміт.
  6. 7 ондық 8 бірліктен тікелей алдында келетін сан.
  7. 10 см кесіндіден 3 см қысқа кесінді нешеге тең?
  8. Ауданы 16 см шаршының қабырғасы неше см-ге тең.
  9. Маймыл 1 күнде 2 кг жеміс жейді. 20 кг жемісті неше күнде жейді?
  10. 24 см жіптің жартысы неше см.

3-тапсырма«Ертегі есеп» бойынша ертегідегі есептердің шешуін табу.

                        І-топтың ертегісі.

Балалар , біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз. Енді мына ертегіні тыңдаңдар.

Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші  болыпты. Сонда қасқыр:

«Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың ғой, балықтарды сен бөлші»-депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын, есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті.

  • Біреуі саған,екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған, екеуі маған, біреуі саған, біреуі маған.

 

 

2-топтың ертегісі

Бір күні қасқыр мен түлкі Төлебиауданының Жаңажол ауылында кездесіп қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін:

«Қасқыр екеуіміз бірігіп алма терейік те, үйге алып қайтайық»-дейді. Сонда аңқау қасқыр дем алмай 10 кг алма тереді. Ал, қу түлкі әр бұтаның түбінде дем алып, ұйықтап одан 7 кг алма кем тереді. Қу түлкі мен қасқырбарлығы неше кг алма тереді?

Сергіту сәті. «Қызыл өрік» әнін бір шумағын тыңдатып әннің қайырмасында«қызыл өрік» деген сөзді неше рет қайталап айтатынын санау.(4-рет. 4 саны туралы мақал мәтел айту. Мақал мәтел айтқан топқа бес ұпай беріледі.)

4- тапсырма. «Кім шапшаң» бойынша көбейту кестесінен жарыс.

5-тапсырма «Ойлан тап». Логикалық сұрақ.

І-топқа логикалық сұрақ.

Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш қалады?

 

ІІ- топқа логикалық сұрақ.

Төрт таяқтың 8 ұшы бар.Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?

6- тапсырма. «Кім зерек» Амалдарды орындау арқылы сөзжұмбақ шешу.

І-топ. "Ойшылдар" тобына

у

л

і

д

т

і

к

з

с

е

ә

 

60+25

 

40х3

 

80:4

 

30:3

 

95-5

 

100:50

 

80-40

 

60х3

 

80-5

 

50х2

 

24:4

 

90

 

6

 

85

 

100

 

120

 

75

 

20

 

180

 

10

 

2

 

40

т

ә

у

е

л

с

і

з

д

і

к

                                       

І-топ. "Тапқырлар"тобына

а

қ

т

қ

а

н

а

с

з

 

32:4

 

48-9

 

50-10

 

46+5

 

60:3

 

41+4

 

92-20

 

6х7

 

34-30

 

39

8

4

20

51

42

0

72

45

қ

а

з

а

қ

с

т

а

н

 

Сабақ соңында осы тапсырмалардан оқушылардың қалай жауап бергендіктеріне тоқталып,жиған ұпайларын есептеп оларды қортындылап өтеміз. Жеңімпаз топқа мақтау қағаздары беріліп сабақты пысықтап қортындылаймыз.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз