Өлең, жыр, ақындар

Шипалы, дәрілік бөлме өсімдіктері

Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық оқушылар үйінің

«Гүлдер» үйірмесінің  жетекшісі

Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы

                                                                                                            

                                                                                                        

Сабақтың тақырыбы: Шипалы, дәрілік бөлме өсімдіктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің дәрілік ,шипалық қасиеттері мен  адам өміріндегі маңызы туралы,өсімдіктерді өсіріп,күтіп-баптау жолдарын түсіндіру арқылы  білім беру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың дәрілік өсімдіктердің пайдасы туралы алған түсініктерін кеңейте отырып,алған білімдерін әрі қарай дамыту.

3.Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіруге,оларды күтіп-баптауға,эстетикалық  тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: көрсету,түсіндіру,баяндау,каучинг әдісі.

Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері,интер белсенді тақта ,слайдтар ,суреттер ,сызба кесте,гүл тратпалары.

Пәнаралық байланыс: Экология,ботаника,бейнелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

Ә) Оқушылардың сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеу

Б) Назарын сабаққа аудару

 Психологиялық дайындық.

•         Көңіл- күйлеріңіз  қалай?

•         Сабақ бастауға дайынсыздар ма?

•         Үйренуге дайынсыздар ма?

•         Жаңалыққа дайынсыздар ма?

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Бөлме өсімдіктерін қалыпты жағдайда  өсіру үшін қандай факторлар  қажет?

Топырақ,су ,СО2,минералдар,жылу,жарық,күтім.

 

2. Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы.

І. Жарық сүйгіш бөлме өсімдіктері

ІІ. Көлеңке сүйгіш бөлме өсімдіктері

ІІІ. Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін  бөлме өсімдіктер.

Өсімдіктердің атауы

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

шефлера

Кактус

шефлера

қырыққұлақ

Пальмалар

алоэ

қытай раушангүлі

монстера

Кактустар

сүттіген

гардения

спатифиллюм

Алоэ

Очита

жасмин

фикус

Жасмин

сенеция

бегония

антуриум

Бегония

пальмалар

Лимон , мандарин

гузмания

Очита

катарантус

 

 

Гардения

колонхоэ

 

 

Антуриум

драцендер

 

 

колонхоэ

кокос

 

 

Қытай раушангүлі

замиокулькас

 

 

монстера

 

 

 

драцендер

 

 

 

кокос

 

 

 

катарантус

 

 

 

замиокулькас

 

 

 

сүттіген

 

 

 

спатифиллюм

 

 

 

Гузмания

 

 

 

фикус

 

 

 

Лимон ,мандарин

 

 

 

сенеция

 

 

 

қырыққұлақ

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

Бөлме өсімдіктерінің қандай ерекшеліктерін,қызықты мінез-құлықтарын, дәрілік қасиеттерін білесіңдер?

● Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп - жетілу уақытындағы көңіл күйін бір қалыптылыққа бейімдейді. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен.

● Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс - керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сонымен қатар қазтамақ (герань) бірінші суармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.

● Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір - біріне деген жақсы қарым - қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

● Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіріңіз. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді.

●Мысалы кактусқа «түу, түрі құрсын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте - ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.Сондықтан да балалар бөлме өсімдіктерін ешқашан ренжітпей , оларды дұрыс күтіп-бапта,ерекше қамқор болу қажет екен.

Теориялық бөлім.

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктермедицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады..Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ.

Қазақстан- табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады  десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.

Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсер етіп, дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек . Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені  олардың көпшілігі жан жадыратарлық әдемілігімен  адамның көңіл күйін көтерсе,кейбірулері бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (алоэ,шегіргүл,қазтамақ,кактус,колонхоэ,т.б) олардың біздің  денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай - ақ біздің бау – бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.Шипалы бөлме өсімдіктері көбінесе жедел жәрдем қызметін атқарады деп айтар болсақ қателеспейміз.Өйткені олар әрдайым біздің үйіміздің терезесінің алдында  ,яғни бізге қолжетімді жерде мәнгі жасыл болып өсетіндіктен кез-келген жағдайда сырқаттанып қалғанда,жарақаттанып қалғанда бізге таптырмас шипашақ болып табылады. Мың теңге тұратын дәрі үйіңде  дәл терезеңнің алдында өсіп тұр.

Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері және олардың адам өміріндегі маңызы.

Кактус өсімдігі - радиациялық сәуелерді жақсы сіңіреді, оларды компьютер және теледидар алдына қойса адамға зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.

Спатифиллум -  адамға көтеріңкі көңіл мен өзінің әсем жапырақтары арқылы таза ауа сыйлайды. Бұл өсімдік өз иесін жақсы көргендігі соншалық үнемі иесінің көңіл күйі жақсы болса өзінің әсем гүлдерін  үздіксіз ашуға дайын екен. Бөлмедегі ылғал ауаны өзіне жинап бөлмені құрғатып тұрады.

Алоэ- өсімдігінің емдік қасиеті көп. Олардың жапырағынан бөлінген сөлді әр түрлі дене жараларына, азқазан-ішек жолдарын тазарту мақсатында, косметикалық заттар алуға пайдаланады.

Қазтамақ - бөлме өсімдігінің емдік қасиеті көп. Жапырақтарынан шығаратын исінің өзі адамның имундық жүйесін жақсартып, жапырақтарынан  тымау, құлақ ауырғанда, мұрын бітелгенде таптырмас дәрі жасауға болады.

Колонхоэ- өсімдігінің жапырағының сөлінен дәрі жасауға болады. Дәріні асқазан жарасын, асқынған жараларға жағуға сонымен қатар қан қысымы көтерілгенде пайдаланады.

Бегония- өсімдігінің тұқымынан тыныштандырғыш  және  ауырған жерді басатын, аллергияға қарсы әсері бар формацептика саласында  дәрі жасайды.

Гардения-гүлінің хош исі жағымды болғандықтан ежелгі қыталықтар шәйға салып ішкен,бауыр ауырғанда,ыстық көтерілгенде,тұмауда таптырмас емдік шөп, гүлінен бөлінетін эфир майлары шаршағанды басатын, парфюмериялық иіс сулар алуда пайдаланған.

Лимон-жемісінің шырынында С дәрумені көп болғандықтан әр түрлі инфекцияларға және бактерияға  қарсы тұру әсері күшті.Ұстамалы ауруларда ,ауырып қалған жағдайда имунитетті  қалыпқа келтіреді.Қан қысымы көтерілгенде,бүйрекке тас жиналу,өт қабы ісінгенде таптырмас ем.Тұрмыстық қолданыста парфюмериялық және косметикалық заттар алуда  кеңінен пайдаланады.

Фикус-жапырағының көлемі үлкен болғандықтан ,бөлмедегі жағымсыз иісті және улы , тұтқыр газдардың ауаға таралуын бәсеңдетіп ,өзіне сіңіреді. Көмірқышқыл газын көп сіңіргендіктен жапырақтары тез шаң басады .Жапырақтарын  жиі-жиі тазартып тұрған жөн.

Құрма- жемісінде  иод көп болғандықтан бақшаңкөз  ауруларын емдеуде , адам әлсірегенде әлдендіретін қасиеті  бар.

Антурим-жүрек айнығанды басатын,іш өткенде , тері ауруларын емдейтін қасиеттері бар.

Амараллис-бұл өсімдіктің жуашығынан бүйректің қабынуын жақсартатын,жүрек айнуды басатын  емдік қасиеттері бар.

Ү.Сергіту сәті:

-Қане, қане балалар, (балалар тұрады)

Шаршағанда ырғалып(тербеліп тұрады)

Гүлге ұқсап демалам(отырады)

Жұпар иісін бір иіскеп(мұрнымен демді ішіне тартып,шығарады)

Гүлдей болып  жайқалам (қолдарын жоғары көтереді)

. Сарамандық жұмыс.

Қажетті  құрал –жабдықтар: гүл құмыралары,қара шірік  топырақ, су бүркігіш,өсімдік тұқымы немесе жас өркені.

Оқушылар  мұғалім көмегімен ,қауіпсіздік ережесін сақтай отырып ,шипалы өсімдік түрлерін және тұқым арқылы өсетін өсімдіктерді гүл құмыраларға отырғызып ,олардың жақсы өсіп, дамуы үшін күтіп-баптау тәсілдерін түсіндіру,көрсету.

VІІ.Сабақты бекіту.

Сөйлемді жалғастырыңыз.


• Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны..................................................
• Бүгін әріптестермен........................................жайлы ой - бөлістік
• Мен бүгін........................................................... екенін түсіндім
• Маған................................................................. түсіну қиын болды.
• Мен.................................................................... жайлы толығырақ білгім келеді.

VІІІ.Қорытынды.

Қазақ емшілерінің ауру - сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, өз үйімізде  өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, біліп, зерттеп ауруымызға шипа іздейік.
 

ІХ. Бағалау

Сабақ барысында оқушылардың  әр бір дұрыс жауабы - гул қималарымен  бағаланады.

Х.Үйге тапсырма

Өзіміз тұратын үйіміздегі  бөлмеде өсетін бөлме өсімдігінің атауын тауып ,емдік, шипалы қасиеттері туралы мәліметтер тауып  (интернет желісінен немесе кітапханадағы  кітаптардан)  дәптерге жазып келу.

 

Аудандық оқушылар үйі

Орындаған: «Гүлдер» үйірмесінің жетекшісі:

Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы

Жосалы кенті 2015 жыл

Аудандық оқушылар «Гүлдер» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен «Шипалы, дәрілік бөлме өсімдіктері» тақырыбындағы ашық сабақтың

А н ы қ т а м а с ы

20.03.2015 жылы Аудандық оқушылар үйіндегі «Гүлдер» үйірмесінің ұйымдастырумен «Шипалы,дәрілік бөлме өсімдіктері»тақырыбында  ашық сабақ болып өтті. Сабаққа ІІІ топ үйірме мүшелерінен 10 оқушы  қатысты. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға бөлме өсімдіктерінің дәрілік, шипалық қасиеттері мен  адам өміріндегі маңызы туралы,өсімдіктерді өсіріп,күтіп-баптау жолдарын түсіндіру арқылы  білім беру. Дамытушылығы: Оқушылардың дәрілік өсімдіктердің пайдасы туралы алған түсініктерін кеңейте отырып,алған білімдерін әрі қарай дамыту. Тәрбиелігі: Табиғатты қорғауға, бөлме өсімдіктерін көбейтіп өсіруге, оларды күтіп-баптауға, эстетикалық  тәрбие беру. Сабақ аралас сабақ түрінде өтті. Сабақ өту барысында оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, назарын сабаққа аудардым. Сабақ ұрамас бұрын, оқушыларды психологиялық дайындық ретінде бірнеше сұрақтар қойдым. Үй тапсырмасын, гүл күлтелері және кестелі бағандар арқылы сұрадым. Парақшаны толық толтырып болған оқушы орнынан тұрып бағандарға орналастырылған өсімдік аттарын ретімен оқып шықты,қателесіп жазылған парақшалармен қатемен жұмыс жасалды. Жаңа сабақ өтпес бұрын, қызығушылықты ояту мақсатында  шипалы бөлме  өсімдіктері туралы қызықты мәліметтер берілді.Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылып, әр-түрлі көрнекіліктер: суреттер мен бөлме өсімдіктерін пайдалана отырып,оқушыларға дәрілік бөлме өсімдіктерінің түрлерінің  шипалы қасиеттері туралы және адам өміріндегі маңызы туралы мәліметтер беріліп оларды ұй жағдайында өсіру ,күтіп-баптау тәсілдері түсіндірілді. Оқушыларды сергіту мақсатында , гүл туралы бір шумақ тақпақ айта отырып жаттығу жасадық. Сарамандық бөлімде мұғалімнің көрсетуімен және  қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, оқушылар  алдын –ала дайындалған топыраққа, тамырланған дәрілік бөлме өсімдіктерінің қалемшелерін құмыраларға отырғызып, суғарды. Сабақты бекіту кезінде «каучинг» әдісін пайдаландым, яғни жаңа сабақты түсінгендігін анықтау мақсатында. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі мен дұрыс жауаптарына қарай гүл парақшаларымен бағаладым. Сабақ соңында кімде көп гүл  парақша болса сол оқушыны «өте жақсы» деп бағаладым. Үйге тапсырма беріп сабақты аяқтадым.Кітаптар көрмесімен таныстырдым. Сабаққа оқушылар үйінің әдіскері: Абдіреева Айгул апай, «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі : Өткелбаева Айгүл апай қатысып, сабақ талданып «өте жақсы» деп бағаланды.

Анықтама беруші:  Зұлпыхарова М

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз