Өлең, жыр, ақындар

Өркендесін мал басы, өсе берсін төл басы

Қызылорда облысы

Қармақшы аудандық оқушылар үйінің

«Гүлдер» үйірмесінң  жетекшісі

Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы

                                                                                                            

Аудандық оқушылар үйінде «Гүлдер» үйірмесінің ұйымдастыруымен  өтетін  «Өркендесін мал  басы, өсе берсін төл басы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының

Жопары:

Мақсаты: Төрт түлік туралы білім беру, төрт түлік малдың тіршілік табиғатымен ,қадір- қасиетімен малды күтуге, қадірлеуге, оны өсіруге, ата кәсіпке айналдыруға тәрбиелеу.

Өтілетін күні :

Өтілетін орны: Аудандық оқушылар үйі.

Сабақтың өтілу барысы:

 

І.Кіріспе бөлім.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз

 

ІІ.Негізгі бөлім

1.Бейнебаян көрсету

2.Оқушылардың дайындаған әдеби монтажын тамашалау.

3.Сұрақ –жауап

4. Төрт- түлік өнімдерін жарнамалау.

5. «Жылқы- жеті қазынаның бірі» бейнебаян көрсету.

6 .«Мақал –сөздің мәйегі» (Төрт –түлік туралы мақал-мәтелдер айту)

7. «Қазақ елі тарихындағы  төрт-түліктің алатын орны» бейнебаян көрсету.

 

ІІІ.Қорытынды.

1.Қорытынды сөз

2.Оқушыларды марапаттау , мадақтау.

 

 «Өркендесін мал  басы,өсе берсін төл басы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының

С ц е н а р и й і

Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, рәсімдері, салт-санасы, кәделері, наным-сенімі, түсінігі төрт түлік малмен тығыз байланысты болған. Себебі олар мал арқылы өмірін, тұрмыс-тіршілігін айқындаған. Малсыз өмірді елестету қиын болғандықтан шығар «Мал-жаның аман ба?» деп амандық сұрағанның өзінде әуелі малмен бастаған. Қазақ халқының өмірін, тұрмыс тіршілігін малсыз елестету мүмкін емес. Олар сонау ерте заманнан бастап мал бағу арқылы күн көрген. Олар үшін мал – мінсе  көлік, жесе - ас, ішсе - сусын, кисе - киім болған. Әр бір адам біздің ата-бабаларымыздың ерте кезде киіз үйде тіршілік еткендігін жақсы біледі. Міне, сол киіз үйдің әрбір жиһаз-мүлкі осы малдың терісінен, жүнінен жасалған.  

- Кәнекей балалар төрт-түліке қандай жануарлар жатады?

- Төрт- түліктің пірлерін  қалай атаймыз?

- Олардың төлдерін қалай атаймыз? 

Олай болса  төрт- түлікке байланысты дайындаған бейнебаянға назар салыңыздар.

Дана халқымыздың   парсаттылығы  мен шешендігі қатар жүрген. Осындай халақ даналығының көсемдері  төрт –түлікке байланысты өлең шумақтарында   төрт- түліктің   адам  баласына  пайдасы туралы айтып кеткен.

Келесі кезекте оқушылардың дайындаған әдеби монтажын тамашалаңыздар.

                 

Түйе

Маң –маң басқан , маң басқан ,

Шудаларын  шаң басқан,

Шөл даланың кемесі

Төрт –түліктің төресі

Дертке дауа болатын

Шұбаты бар киелі.

          

Сиыр

Ыстық-ыстық сүт ішсең,

Дәмі кетпес таңдайдан

Бой жадырап кенеттен

Буы шығар маңдайдан

Малды бақсаң ,сиыр бақ

Сүт кетпейді шарадан.

 

Жылқы

Жолға шықсам- көлігім ,

Жапанда жүрсем- серігім ,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің қайдасың?

Құру ,құру!

 

Қой

Мал өсірсең – қой өсір ,

Өнімі оның көл көсір,

Кисең киім , ішсең ас,

Іздесең  мұндай табылмас.

 

Ешкі

Жауын жауса бақырған

Ешкі атасын шақырған

Өрісте  өскен жануар

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре , шөре!

Сұрақ – жауап .

1.Төрт – түіктің  өзі,  өнімі арқылы  ойналатын қазақтың ұлттық ойындарына қандай ойындар жатады? (Көкпар, қыз қуу, ақсүйек, асық ату, лянги тебу,бәйге, алтын сақа, хан талапай,т.б.)

2. Төрт –түлік өнімдері арқылы жасалатын қазақтың ұлттық киімдерін атаңдаршы. (Қаракүл тон, былғары етік, бас киім,қыздарға сөмке )

3.Төрт- түлік өнімдерінен жасалатын ұлттық аспаптарды атаңдар?

(Жетіген, қобыз, домбыраның ішегі,адырна, тұяқ тас , мүіз сырнай,дауылпаз, даңғыра,кепшік, т.б.)

3.Төрт- түліктің қазақ халқының жыр- дастандарында алатын орны қандай? Ақын , серілеріміз қандай өлеңдер  жазған?

(«Құлагер», Қызжібек пен Төлеген киносындағы «Ақбоз ат», «Ер тарғын», «Ер төстік» , «Алтын сақа» Алпамыс батыр жырындағы «Байшұбар»,т.б.)

4.Төр- түлік жайлы қандай мультфилимдерді білеміз?

(Үш қой, қошқар мен теке,

 

Балалар енді  төрт –түлік өнімдерін жарнамалау мақсатында  төрт топқа бөлініп  , шығармашылық қабілеттеріңізді байқап көрейік.

Үш –үштен бірігіп отырайық.

1-топ:Қой,ешкі

2-топ:Сиыр

3-топ: Түйе

4-топ:Жылқы

Әр топқа берілген төрт-түлік атауына байланысты өнімдерін, олардың пайдасын , жасалатын бұйымдарды жарнамалайсыздар.

Қой , ешкі негізінен уақ малға жатады.Қойдан, ешкіден  ет, сүт,жүн алынады.Қазақ «Құтты  қонақ келсе қой – егіз табады» деген мақалдан байқасаңыз қонақ  келсе қойын сойып табақ тартқан ,қойдың басын құтты қонаққа берген.Жүнінен қазақ халқы  киіз басып, киім тоқыған .Киіз үйге жабу үшін ұлттық оюлармен безендіріп сырмақ, аяқ киім, қыздарға сөмке, тұрмыста пайдаланатын кесе қап, қойдың ішегінен домбыраға ішек  т.б заттар жасаған.Ешкінің сүті ана сүтін алмастыратындай қасиетке ие болған.

Сиыр – ірі қара малға жатады. Өнімдері берекелі.Ет, сүт, сары май, сүтінен қаймақ , ірімшік ,құрт жасалады. Терісінен әр түрлі тұрмысқа пайдаланатын  ұлттық нақышта торсық, сандықша , кебіс , аяқ киім, күбі , мес, ұлттық аспаптар қобыз , жетіген, т.б заттар  жасаған. Теріден жасалған  ыдысқа құйылған  сусындар , тамақтар өзінің маңызын жоғалтпай , ұзақ сақталған.

Түйе – ірі қара малға жататын жануар.Түйені шөл даланың кемесі , төрт түліктің төресі ретінде қазақ халқымыз құрмет тұтқан . Бүкіл мұсылман қауымының пайғамбарымыздың сүйікті жануары болған . Аса қоректі, суды қажет етпейтін шөлге шыдамды жануар.  Етін , сүтін, жүнінен әр түрлі өнімдер алынады. Сүті қою , сүтінен шұбат жасалынады. Шұбатты сусын ретінде ішкен.Адамға пайдалы ,шипалы қасиетімен белгілі.Жүнінен киімдер , көрпе , әр түрлі заттар жасаған.

Жылқы- ірі қара малға жатады.Жылқыдан алынатын өнімдерге: еті, қымызы,қазы- қартасы, жал- жаясы, терісінен әртүрлі сәндік бұйымдар жасаған, жылқының қылынан қобызға  , түрлі ұлттық аспаптарға ішек жасаған.

Дана халқымыз жылқы  жеті қазынаның бірі – деп санаған. Сонымен қатар

ақын- серілеріміздің  серігіне де  айналған  , жылқы  жануарларына арнап өлең –жыр дастандарын жазған.

      

 «Жылқы – жеті қазынаның бірі»  бейнебаянын  көрсету.

 

«Мақал –сөздің мәйегі» қазақ халқымыздың төрт – түлік туралы айтылған мақал-мәтелдерін есімізге түсіріп көрейік.

 1.Мал  өсірсең қой өсір.

   Пайдасы оның көл көсір

 

2. Қойшы көп болса,
    Қой арам өлер.


3. Екi қошқардың басы
    Бiр қазанға сыймас.

 4.Iсек қойдың басы үлкен,
    Саулық қойдың жасы үлкен.
 

 5. Қой өрiсi қорадан.


6. Малды бақсаң, қойды бақ,
    Май кетпейдi шарадан;


7. Ала қойды бөле қырыққан,
    Жүнге жарымайды.

8. Ақсақ қой түстен кейiн маңрайды.
 

9. Семiздiктi қой көтерер.

10.Арық қой тырысқақ,
    Аш адам ұрысқақ.

11.Қасқырдың ойлағаны – арамдық,
     Қойдың ойлағаны – амандық.

12.Қой егiз тапса,
     Шөптiң басы айыр туады.

13.Қой өлсе – қозы болады,
     Келер жылы өзi болар.
 

14.Есi кеткен ешкi жыяр,
     Ешкiменен есiн жыяр.

15.Бұрын шыққан құлақтан,
     Кейiн шыққан мүйiз озады.

16.Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп,
     Құлағынан айрылыпты.

17.Қасапшыға мал қайғы,
     Қара ешкiге жан қайғы.

 

Қазақтың өмірі қаншама ғасыр жаугершілікпен өткен.Халқымыздың басына сан рет төнген жаумен айқасып , Қазақстан деген ұлан – байтақ жерді сақтап қалуға  жылқының  қосқан үлесі өте зор.Батырларымыздың  біліктілігі мен бірлігінің арқасында елді – жерді жаудан азат еткен.  Өздеріңіз білетіндей биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл .

  

«Қазақ елі тарихындағы  төрт –түліктің алатын орны» бейнебаян көрсету.

 

Қазақтың  салт – санасы   мен салт-дәстүрімен  астасып   жатқан  төрт-түліктің   алатын орны ерекше . Олай   болса ұлттық   құндылығымызды   жоғалтпай  төрт – түліктің киесін қадірлей білейік.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз