Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
Ю. А. Гагарин атындағы №8 жалпы білім беретін
бастауыш сынып мұғалімі
Жалгасбаева Дина Жаксылыковна
Тақырыбы: Әліппеге мың алғыс!
Мақсаты: Оқушыларды алғашқы оқулығы «Әліппемен» қоштасу салтанатын ұйымдастыру. Сөздік қорын, ой-өрісін, тілін дамыту. Оқу-білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Формасы: Ертеңгілік
Көрнекілігі: Суреттер,слайдтар, мақал-мәтелдер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтары т.б.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі (музыка ойналады)
II. Негізгі бөлім.
1-бастаушы:
- Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! « Әліппеге мың алғыс» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-бастаушы:
- Бүгін 1 «А» сынып оқушылары бар ғылымның беташары болған сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр.
1-бастаушы:
- Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
2-бастаушы:
-Әліппені аяқтау – барлық әріптердің таңбасын тану, білім сарайының есігін ашу деген сөз.
1-бастаушы:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
2-бастаушы:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
-Айым, менің сұрағыма жауап берші.
Көп ойлап отырма
Ауылға қадірлі
Кім атын атай ғой?!
-Әліппе оқуға
Үйреткен әр күні
Мұғалім апай ғой.
-Анадай аяулы
Мәпелеп өсірген
Кім атын атай ғой?!!
-Үйретіп санауды
Есепке төселткен
Мұғалім апай ғой.
-Ендеше ортаға ұстазымызды шақырайық! (Мұғалім сөз сөйлейді)
1-оқушы: - Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алып қолыма
Сызықтарды толтырдым
Қалдырмай дәптер жолында.
2-оқушы: - Ойыншық қалды жайына
Әріптер бөлді көңілді
Тәбетім жоқ ойынға
Сезінем үлкен өзімді.
Хор: «Біз мектепке барамыз».
Мұғалім:
- Балаларі, іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:
- Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті «Әліппе»!
Мұғалім:
- Олай болса ертеңгілігіміздің бас кейіпкері «Әліппе» досымызды ортаға шақырайық!
Хормен: - Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар, жас достар,
Армысыз, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Құттықтаймын сендерді,
Бүлдіршіндер, балғындар
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып ержеткен
Ағаң менен әпкең де!
3-оқушы: - Әліппем менің, Әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
4-оқушы: - Әліппем менің, Әліппем!
«А» деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен!
5-оқушы: - Әліппем менің, Әліппем!
Өшпейтін нұрлы әріппен
Есігін аштым білімнің
Өзіңнен кілт алып мен.
Хор: «Әліппе».
Әліппе: Бүгін біраз шаршайық,
Сөздер сырын ашайық
Ал, сонымен әріптер
Шежірені бастайық.
Командирі әріптің
А-ға сөзді тастайық.
6-оқушы: - Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашан да «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде, түсінші!
«А» деген ол — аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Сондықтан да алшақ кетпей расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Аялаймын анамды
Ардақтаймын апамды
Асыл тұтып атамды
Алайын мен батамды.
Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне. Көрініс: «Әжемді жақсы көремін»
Бақа, бақа бақ-бақ,
Таңдайлары тақ-тақ.
Бәрі бірдей тақпақ,
Жатқандай - ақ жаттап.
«В» әрпіне жұмсар күш,
Вагон орыс сөзі еді.
Ваза деген гүл салғыш,
Волга – Еділ өзені.
Гүл өсірем үйде,
Су құямын күнде.
Гүл күткенді біледі,
Бойын сылап күледі.
Күнде гүлін ашады,
Жұпарын маған шашады.
Ғарышкерлер ғарышқа
Байқоңырдан ұшады.
Қарсы алады тағы да,
Біздің елдің құшағы.
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Суық күзде көктемде,
Қара жаңбыр төккенде.
Кетпесін деп сыз өтіп,
Тігеді атам бізге етік .
Ж. Көк аспанда көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
З. Зада көріп зебрді,
Таңырқады ұнатты.
Теңізшінің жейдесін,
Киіп алған сияқты.
И. Инелік ау, инелік.
Қаша берме именіп.
Түспей ақ қой торыма,
Қоншы келіп қолыма.
К. Қызыл, сары, қоңыр-көк,
Алуан-алуан көбелек.
Торға түсіп қалмашы,
Торғайға жем болмашы
Қ . Еңбек сүйгіш құмырсқа,
Ерте тұрып жұмысқа.
Жазда астық тасиды,
Толтырады ас үйді.
Л . Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдеме шырағым.
М . Үстінде үйдің тұр еді мысық,
Қасына келді бір торғай ұшып.
Бас салмақ болып ыршыды мысық,
Жөнелді торғай пыр етіп ұшып.
Н . Ас біткеннің анасы,
Қасиетті «НАН» - осы.
Қайсы әріптен басталған,
Соңғы әрпін де қарашы.
Ө . Өзен бойын жағалап,
Өскен бақты аралап.
Өркенге өрік жинастық,
Өзіміз жеп шамалап.
П . Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен».
Осы атаулар зер салсақ
Басталар П әрпінен.
Т . Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт – құмырсқа, шіркейден,
Бау бақшаны қорғаймын.
Ұ . Мен ұлумын!
Мінсіз сұлумын,
Жанға тимеймін,
Жамандықты сүймеймін.
Гүл аралап жүремін,
Көңілді өмір сүремін.
Ү . Мен үкімін, үкімін.
Жарықта соқырмын.
Ұша алмай отырмын,
Оқушы болсам мен
Түнімен оқырмын.
Ф . Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар ақ.
Бірақ жолдың бойында,
Доп теппеңдер қуалап.
Х . Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан дастан.
Келе тұғын хат хабар,
Х әрпінен басталар.
Ш . Мен кеше ғана,
Жасадым шана.
Жасауға шана
Келеді шама.
Щ . Щётка, щётка, щёткалар,
Неше түрлі щётка бар.
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады. Көрініс: «Щеткалар айтысы»
Ы . Кесе, шыны, пияла,
Оларсыз шәй құя ма?!
Қасықсыз тамақ жемейміз.
Бәрінің атын ыдыс дейміз.
І . Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Оның атын біз жазған
І әрпінен басталған.
Э . Жай отыннан жаралдым,
Найзағайдан нәр алдым.
ЭЭЭ дегенше шарқ ұрып,
Кең әлемге таралдым.
Ю. Оюларды салыңдар,
Ою мәнін табыңдар.
Ою - өрнек тоқыңдар,
Ою жайлы оқыңдар.
Я . Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған
Күттім қашан сайрауын. Көрініс: «Сауысқан мен қарға»
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар, өздерің оқи, жаза алатын болдыңдар.
- Балалар, мен сендерге бірнеше сөздер әкеле жатқанмын. Жолда оларды байқамай шашып алдым.
Мұғалім: Ештеңе етпейді, Әліппе. Балалар шашылған буындардан сөздер құрап көмектесейік. (Кітап білім мектеп ұстаз)
Әліппе: Жарайсыңдар, балалар, сендерге көп рахмет.
Мұғалім: Балалар, енді шамалы дем алайық, мен қойған сұраққа қолдарыңды көтеру арқылы жауабын көрсетесіңдер.
-Кім кітабын жыртады?
-Кім дәптерін сызады?
-Кім киімін жинайды?
-Кім үлкенді сыйлайды?
-Кім мысықты қинайды?
-Кім ұстазды тыңдайды?
Әліппе:
- Балалар, сендер оқу құралдарыңды қалай ұстайсыңдар, жалқау, салақ бала орталарыңда болды ма? Соны айтыңдаршы?
Сабақ бетін ашпасаң,
Салақ бола бастасаң,
Портфелің де қашады,
Әр бұрышқа тастасаң.
Дәптерді қолмен тырмалап
Былғама орынсыз жұлмалап.
Өшіргіш – тазалық сақшысы,
Қатесіз жазған ғой жақсысы.
Жалқаудың қаламы,
Қалтада тозады.
Серінің қаламы,
Қатардан озады.
Екілік: Араларыңда менімен достасатын жалқау, салақ, сотқар бала бар ма? Мен жалғыз ешқайда кеткім келмейді. Қане, менің соңымнан еріңдер.
Әліппе: - Қап, мен кілтті қалай түсіріп алғанмын. Екілікті жеңу үшін көмекке ата-аналарымызды шақырайық. (Баласы сұрақ қойып, ата-анасы жауап береді)
Әліппе: -Балалар, сендер ата-аналарыңмен бірлесе отырып қиындықтарды жеңетіндеріңе сенімдімін. Енді әрі қарай оқуды жалғастыратын ана тілі пәніне сендерді тапсырамын. Мен сендерге өте ризамын. Мені өте жақсы меңгердіңдер. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. Ескерткіш есебінде куәлігімді тапсырмақпын. (Куәліктер тапсырылады)
Хормен:
Қош бол, менің қасиетті, Әліппем!
1-бастаушы: - Біз Әліппемен қош айтыстық. Енді қандай оқулықты оқимыз.
2-бастаушы: - Ақыл-ойы дананың,
«Ана тілін» оқимыз.
Қарсы алайық.
Ана тілі:
- Сәлем, достар, аман ба?
Сау болыңдар әманда.
Ана тілін ардақтар,
Ата-бабам, анам да.
Ана тілін сүйіңдер,
Анаға бас иіңдер!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Хормен:- Ана тілін сүйеміз!
Анаға бас иеміз.
Ана тілі - Балалар, ең алғаш әліппені кім жазған еді?
- Ы. Алтынсарин атамыз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
Шырағын кеткен тұтатып,
Арманға жеткен үлгілі.
Оқулық жазған түн қатып,
Алфавит тізген біл мұны.
- Енді Ыбырай атамыздың өлеңін еске түсірейікші.
- Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мұғалім:- Балалар, құрметті ана тілімізге арнап жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер айтайық.
Сол атай – солақай,
Солақай – сол атай.
Қар аппақ, дала аппақ
Бәрі аппақ, қарап бақ.
Тау бар, тау бар,
Тауда бау бар.
Қаз – маңғаз,
Маңғаз – қаз.
Әр қаз - маңғаз.
Мақалдар айтылады.
«Бауырсақ» ертегісі қойылады.
Ана тілі:
жақсы оқитындарыңа сенемін.
Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз
Жақсы оқимыз сабақты.
Мұғалім:
білімдеріңді сынамақшы.
1-бастаушы: - Еңбек, білім мәнін де,
Есептейтін бәрін де.
Сөз береміз ардақтап,
Математика пәніне.
Математика:
Сәлемет пе, достарым?
Сабағы боп жоспардың.
Төрт амалды қолдаған,
Математика достарың.
Қане, қайсың жүйріксің?
Тез есептей ғой
Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық.
Қарайық та санайық,
Санайық та табайық.
Асанда бар бес іні,
Досанда бар екі іні,
Қоссаң бес пен екіні,
Қанша болар шешуі?
«Санамақ»
Бір дегенім – бірлік,
Бірге ойнадық, күлдік.
Бір үйдегі көп бала,
Бір көлікке міндік.
«2» Екі дегенім – елім,
Атамекен жерім.
Ол - өзен, тау, кең дала.
Ол – тауларым менің.
«3» Үш дегенің – үй,
Үйсіз оңбас күй.
Үй – туған ел бөлшегі,
Соны еске түй.
Төрт – атақты төрт түлік,
Төрт түлікте тоқшылық.
Жылқы, сиыр, қой, ешкі,
Өсір бәрін көп қылып.
Бес қолыңда бес саусақ,
Іске даяр тұр самсап,
Тас қамалды бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.
Алты – асау арғымақ,
Мінсең шабар арқырап.
Қиялдайды сондайды,
Бәйге сүйгіш әркім-ақ.
Жеті – туған жеріміз,
Біз туған жер төліміз.
Жиі барсақ ауылға,
Тола түсер кеміміз.
Сегіз деген – салтанат,
Ел жиналар анталап.
Тәуелсіздік тойы бар,
Сайыс құрар бар талант.
Тоғыз – торғын тоғайың,
Бауыр, туыс, ағайын.
Ұстаздарың, достарың,
Шаттық толы маңайың.
Он – Отаның ардақты,
Ол – қорғаның салмақты.
Сені ақылды болар деп,
Бар тілегін арнапты.
Хор: «Мұғалім ол біздің»
Бүгінгі тойымыздың қадірлі қонақтарына арнап өлеңдер айтылады, би биленеді.
Қорытынды: Мұғалім сөз сөйлеп, қорытындылайды.
Қонақтарға сөз беру.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі