Текелі қаласы 1 "А" сынып
Шаймерденова Ботакөз Амангелдиевна
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Юю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Юю дыбысы және әрпімен таныстыру. Юю дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, Ю дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және таныстыру.
2. Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Юю дысының й және у дыбыстары түрінде естіліп жазуда Юю әрпімімен таңбалану ерекшелігін сөздерге дыбыстық талдау жасай отырып, оқушылардың өздеріне аңғарту. Дауысты дыбыстың шартты белгісін қолдана отырып, Юю дыбысының буындағы орнын анықтату. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету.
3. Аңдардың тіршілігі, олардың пайдасы туралы әңгімелесе отырып, оларды қорғау, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: А – дан Я- ға дейін кестесі әліппе бет, әріп үлгісі жазылған кесте, куб , сандықша суретті кітапшасы «Аңдар альбомы», аю, ою, суреттері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру , кубизм стратегиясы, ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Слайд№1
- Амансың ба, Алтын күн,
- Амансың ба, Көк аспан,
- Амансың ба, достарым,
- Амансыздар ма , қонақтар,
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.
ІІ Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар:
Слайд№2
Қатармен жұмыс
Жұмбақ жасыру
Кіруге адам батпайды
Затыңды аман сақтайды /сандық/
Мына сандықтардың ішінде суреттер бар екен.Жай суреттер емес,сиқырлы суреттер ю дыбысына байланысты суреттер.
Слайд №3 видео көрсету
Слайд №4
И + У әрпінің қосындысы. ю
- Балалар, бұл қандай дыбыс?
(Дауысты дыбыс, қосарлы дыбыс).
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Математикалық есептер ойлан, тап
Слайд№5
Ойын : «Адасқан буындар» қо-ю, қи-ю, құ-ю, тү-ю, сү-ю, кү-ю, есе-ю, үл-ке-ю.
Сергіту сәті видео
Слайд №6
ІІ Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар:
1. Жұмбақ шешу.
Балпаң-балпаң басады,
Қыр-жотадан асады.
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.
(АЮ)
Мұғалім сөзі: аю туралы мәлімет
. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстыру.
Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.
- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс.
- Оны қалай ажыраттыңдар?
– Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.
Слайд №7
ІІІ Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы сөздерді тұтас оқу.
1.Іштей оқу
2.Хормен оқу
3.Тізбектеп оқу
Слайд№8
ІV Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс: Ережені еске түсіру
Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп ,
Ю- дың бас және кіші әрпінің жазылуын көрсету.
Юю –ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жаздыру. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады. Суреттерге сәйкес ю әрпін жазады. Қай жерде келетінін айтады.
Әдемі жазған оқушылардың жұмысын мадақтап, үлгі ету.
Слайд№9
Кубизм статегиясы кубты қолдану сөздер құрату.
Слайд№10
Қорытынды: «Бас бармақ» тәсілі Барлығын түсіндім. Енді түсініп келемін. Түсінбедім. - Ю- қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде келеді? Оюдың қандай түрлерін білесіңдер, ою не үшін қажет? Оюға байланысты не білесіңдер?
Үйге тапсырма: Жақсы көрем
Куралай Бекситова
Маған сабақ ұнады өте жаксы