Жамбыл облысы . Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Жапарқұлова Ақбота Бақытқызы
8. 12. 2015 ж Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Білімділік : Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету,сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық : Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын кеңейту.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, семантикалық карта , ВЕНН диаграммасын ойын, сәйкестендіру
Сабақтың көрнекілігі: Себет, жеміс суреттері , сызба , кесте
І. Ұйымдастыру кезеңі : Оқушыларды түгендеп , сабаққа назар аудару
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
ІІ. Мақсат қою кезеңі :
Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген жаттығуды тексеріп шығамын
100-жаттығу Сәйкестендіру.
Миға шабуыл. (сұрақ-жауап)
1 Жай сөйлем дегеніміз не?
2 Жай сөйлемнің түрлері қандай?
3. Жалаң сөйлем дегеніміз не ? Мысал келтір
4. Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір
ІҮ. Өткен материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі :
Ережені еске түсіріп қайталау
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз . Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Санжар оқыды. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Санжар - кітапты оқыды.
Оқулықпен жұмыс
104-жаттығу . Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдып жазу
Түйе боталады . Ақ түйе боталады . Сәуле үтіктеді . Сәуле киімді үтіктеді Ара қонды . Ара гүлге қонды . Күн жылдынды . Күн бүгін жылынды .
105 – жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазу
Жұлдыз төгілді . Ай үңілді
106-жаттығу . Сызбадағы жай сөйлем түрлерін салыстырып , олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табу ВЕНН диаграммасын толтырады
107-жаттығу Сәйкестендіру.
Сергіту сәті
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
« Кім жылдам» ойыны
Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып айт
Шыққан сөздерден 1 жалаң, 1 жайылма сөйлем айту
108-жаттығу. Ауызша Сөйлемдерді оқы. Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді салыстырып бір-бірінен қандай өзгешелігі барын айтып көр.
Ауылдан атам келді. Ауылдан нағашы атам келді.
Нұржан қарды күреді . Нұржан қарды күрекпен күреді.
Мал өрістен келді . Мал өрістен ерте келді.
Күлән суды әкелді. Күлән суды құдықтан әкелді.
109-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы. Жайылма сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.Алғашқы екі сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.
Әсия жүнді түтті . Жүннен жіп иірді . Сол жіптен маған шұлық тоқыды . Шұлық әдемі .
Ү. Сабақты қорыту :
«Жемістер теру ойыны» Жай сөйлемнің түрлерін ажыратып себетке салу
Семантикалық картамен жұмыс.
Сөйлемдер |
Жалаң сөйлем |
Жайылма сөйлем |
Мал өрістен келді |
|
|
Кептер ұшты |
|
|
Арман суға шомылды |
|
|
Жазира киноға барды |
|
|
Жаңбыр жауды |
|
|
Гүл ашылды |
|
|
Сөйлемдер |
Жалаң сөйлем |
Жайылма сөйлем |
Әжем дүкенге барды |
|
|
Балық жүзді |
|
|
Балалар өзенге шомылды |
|
|
Мұғалім келді |
|
|
Боран соқты |
|
|
Сәуле ыдысты жуды |
|
|
ҮІ. Үйге тапсырма : Ережені қайталау 92 бет 110-жаттығу. Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазу. Жазған сөйлемдер жай сөйлемнің қай түрі екенін айтып келу
ҮІІ. Бағалау :Белсене қатысқан оқушыларды мадақтап бағалау
8 . 12. 2015 ж
алмас
жазбайм
бобалак
5555
колобок
рахмет
колобок
ррааххммееттт
луина
Жалан дегенимыз не
ыхтияр
ұнағанжоқ
света
Керемет жаксы жазылыпты ...
динара
жаланды жайылмага аудару 97 бет тапсырма
Арна
Маган унаган жок, жалан жане жайылма сойлем дегенимиз не ?
Арна
Маған жалаң жəне жайылма сөйлемнің ережесі керек
АКЫЛЖАН
Бари тусиникти жане карапайым жазылган. Рахмет
Кулайша
Рахмет
Danagul
Рахмет
жибек
оте жаксы рахмееееет
9-сынып оқушысы
Мұнда қателік бар. "Әжем шұлық тоқыды" деген жайылма сөйлемді жалаң сөйлем деп қойған. Бұл жерде табыс септігі жасырынып тұр., яғни шұлық деген сөз негізінен " шұлықты" деген сөз болып ,ол табыс септігі сұрағына жауап беріп, толықтауыш боп кетеді. Сөйтіп , тұрлаусыз мүше қатысқандықтан, бұл сойлем жайылмаға кіріп кетеді.
9-сынып оқушысы
Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз . Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Санжар оқыды. Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Санжар - кітапты оқыды.
NNN
Семантикалық картамен жұмыстын жауаптары жоқпа?
Амина
Маган 10 11 тапсырма керек казак тили 3 сынып 2 болим
Арсен
Жалан сойлем Жайылма сойлем
Арсен
Дауысы дыбыстар
Нұргүл
Өте керемет