Бір күн бардым базарға...
Бір күн бардым базарға
Көйлек сатып алу үшін
Өзіме.
Алуан түрлі көйлектердің
Әрқайсысы оттай болып
Басылды-ау көзіме.
Кейбірінің етегі ұзын,
Жеңі ұзын,
Арқа жағы жоқ бірақ.
Кейбірінің алды жабық,
Арты да
Кеуде жағы жоқ бірақ.
«Әттең тонның келтесі-ай» деп
Ойландым.
Сатушымен сөйлесуге байландым.
«Өтінемін,
Тізеден түскен, жеңі түгел,
Кеудесі бар бір көйлек тауып беріңіз»
Суықтық тантып,
Мысқыл тартып күлді де
Сатушы айтты:
«Сіңліжан-ау, бері жақын келіңіз,
Байқаймын, ауылдан-ау тегіңіз.
Қыздар келіп: «Мен киетін көйлектің
Ана жері ашық болсын,
Мына жері ашық болсын»,-деп сұрайд.
Анасына: «Осыны алам,
Әпер де әпер», - деп жылайд.
Қыз болсаң да
Он екіде ашылмаған бір гүлің,
Ұнатпадың көйлектердің ешбірін.
Өзің қазір ойлап тұрған
«Казакбайский» көйлек менде
Жоқ, күнім».
Өз басымнан өткерген
Қысқа сәттік бұл жағдай.
Із қалдырды жүрегімде
Мынадай:
Қазақ қызы көргеніңде
Жүрісіңді жаңылдырып
Кете-тұғын құралай.
Іштей налып, сендірсем де
Өзді-өзді.
Кейде айтуға ұяламын
Бұл сөзді.
«Қазақ қызы – алты алаштың
Ең сұлуы» деп жар салғым келеді.
Бұлай десем, есі дұрыс қайбір адам
Сөздеріме сенеді.
Қазір қыздар киінеді,
Дүниеде одан басқа жан жоқтай.
Көзі түсіп жігіттер де
Қарайды оған кілт тоқтай.
«Кебек толы құмырадай келісті»
Қыздардың жүр кіндіктері ашылып.
Сол кіндікті жабуға жетер ақша
Жерде жатыр емес па екен шашылып?!
Қызы киген шалбарының
Бір жыртығын жамамаған ата-ана
Қыздарына «ибалы бол» деп
Сөз айтуға бата ма?!
Қыздың көркі болса-дағы
Жұмыртқадай аршыған.
Жан дүниесі жайлы айтуға
Өз-өзімнен жаншылам.
Иә, қазір қыздың көбі осындай,
Ренжімеймін, кетсеңіз де
Сөздеріме қосылмай.
Ат басынан алты есе көп
Алтын берем десең де
Мен арымды сатпаймын.
Дүниенің артын қуып,
Жан рахатын табу үшін
Былық іске батпаймын.
Адам солай,
Заман солай екен деп,
Бұрыс көштің соңына кеп
Түспеймін.
Керісінше, адамдарға
Дүрыс жолға түс деймін.
Айдана
М. Гүлзинаттың аты кім екен?