Абайдың өмір аламаны (Абайға арнау ) – MereiAbdizhappar

Бұл бетте «Абайдың өмір аламаны (Абайға арнау )» атты MereiAbdizhappar жазған өмір туралы өлең берілген.

Семейдің саласынан дара туған,
Жаратылған Құнанбайдың қанатынан.
Ұлжанның ұлдарынан оза шауып,
Зерек болды Зеренің санатынан.
Құнанбайдан ғибратлі ,қалың ұрпақ тараған,
Ибрахимге тамсанып, ел піріндей санаған.
Қалам алып қолына құнды өнеге таратқан
Абай сынды асылды Алла бізге жаратқан.
Суреттеп желсіз түннің жарық айын,
Түгендеп, төрт мезгілді жанға жайын.
Баяндап халық мұңын отырушы еді
Көңіліне әрбір кірбің түскен сайын.
Қарапайым қазақтың көзін ашқан,
Кеудесіне халықтың ғибрат шашқан.
Қайталанбас тұлға болып қалыптасты
Қанеки, кім бар кейін орнын басқан?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар