Сайлау күнгі жыр – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Сайлау күнгі жыр» атты Қалижан Бекхожин жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1826
Бәрімізге қызықты бұл күніміз,
Шашу болып төгілсін гүл жырымыз.
Жерімізді жаңғыртқан даусымызға,
Бұталардан үн қосты бұлбұлымыз.
Бүгін тағы бастадық жыр көктемін,
Жырымыздай шалқытып жүрек лебін.
Еліміздің төріне отырғыздық,
Халқымыздың қалаулы түлектерін.
Ырыс бірге, үн бірге, тыныс бірге,
Достық туы елімнің тұр үстінде.
Республика тұтқасын тұтқыздық біз,
Сауыншыға, кеншіге, министрге.
Егіншіні, дән берген мол егіннен,
Ақынға да дем берген өлеңімен.
Сүйінішін теңіздей толқытты жұрт,
Басқарсын деп кеңесті келелі кең.
Үн береміз сендерге құдіретті,
Жыр береміз сендерге жылы лепті.
Ақ сенімді бәріміз қалаулылар,
Мың-мың жаннан жалынды бір тілекті.
Аманаты халықтың алыптай зор,
Алып іске құлшынған халықтай бол!
Жалын атып өмірдің өрлеріне,
Жұлдызы бол, жайнаған жарықтай бол!
Жүйріктей бол, биікке шауып шығар,
Нысанада халықтың тау ісі бар.
Екпініңнен жаңғырсын дүркін дүние,
Әрқайсыңда мыңдардың дауысы бар!
Қырандай бол, қиядан шүйілетін,
Дауылдай бол, толқынды иіретін.
Қанаты бол, көзі бол партияның,
Қуаты бол, халықтың сүйінетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайлау күнгі жыр өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Сайлау күнгі жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайлау күнгі жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сайлау күнгі жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері