Дүңк, дүңк еткен – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Дүңк, дүңк еткен» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1637
Дүңк, дүңк еткен катерлер
Дүрсіл қаққан жүрек пе?
Тіршілікті әкелер
Мынау шалғай түбекке.
Күн ұзаққа кей-кейде
Бірі өтпейді-ау тұсыңнан.
Тарылады кең кеуде
Айрылғандай туысыңнан.
Анау алыс жағалау
Жат кісідей үндемес.
Бұ жақта жоқ шағала,
Көктен-дағы тіл келмес.
Жалаңаяқ серілер,
Жалтақ-жалтақ қараймыз.
Тілеп алған серуен,
Елегзиміз қалай біз!
Сонда сонау мүйістен
Шығар қайық ойнақтап,
Бір жасаймыз біз іштен,
Қолымызды бұлғап қап.
Бейне тірлік көші кеп,
Беймазалық тарайды,
«Адам деген осы!» - деп
Тағы да Алтай қарайды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүңк, дүңк еткен өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Дүңк, дүңк еткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүңк, дүңк еткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүңк, дүңк еткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері