Түркістан — Гүлстан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Түркістан — Гүлстан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1706
Бір гүл келіп көкірегіме орнаса,
Бір гүл келіп галстугін байласа,
Бір гүл келіп мойыныма асылып,
Самал болып, шашым сипап ойнаса,
Енді қалай қынжылмассың сен оған
Түркістанды Гүлстан деп қоймаса?!
Бір гүл келіп салтанатты сән кеште,
Салса шырқап сен сүйетін әнді еске.
Бір гүл келіп сусын беріп қолымен,
Бір гүл келіп көрік болса кеңеске,
Қайран ақын, қалай дәтің шыдайды
Түркістанды Гүлстаным демеске!
Алыс туыс, жомарт бауыр, ел ішім,
Қолымда асың, аузымда жемісің
Құлағымда жақсы сөзің, әзілің
Өзің болдың бір керемет мен үшін.
Қарт Түркістан, жас Гүлстан, Нұрстан
Дәл өзіңдей біз жасармыз жер үстін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түркістан — Гүлстан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Түркістан — Гүлстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түркістан — Гүлстан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түркістан — Гүлстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері