Қарақалпақ қызына – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қарақалпақ қызына» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1951
(Гулжаһанға)

Әму қандай, Арал қандай
Әдемі еді сол күні!
Бір-бір қыз боп жаралғандай
Дарияның толқыны!
Кетті қаптап жағада қыз,
Қыздары көп ел нендей!
Бейне сонау баяғы аңыз
Қайта оралып келгендей.
Сонда қанат қақты ақындар,
Сабыр бітіп, дәт қалмай.
Үстімізден ақ толқындар
Ақтарылып жатқандай.
Тұрдық үнсіз нұрға батып,
Бақытты еді жан қандай.
Жастығыңды бір жоғалтып,
Мың қайтарып алғандай.
Сонда маған сен көріндің
Ақ бұлттағы күнге ұсап.
Су шашыңнан сан өрімді
Тамды бетке бір бұршақ...
Сол бұршақты қағып алып
Жатқанымда жалма-жан,
Ақша жүзің сәл қызарып
Қарадың-ау, қалқажан!
Дедің бе әлде «ойланшы бір»,
Деміңнен от есті леп,
Қарадың ба қайрансыз ұл
Қарай-қарай кетсін деп.
Кеш батарда туса жұлдыз,
Туса көкке ерлеп бір,
Сол жұлдызды, уа, сұлу қыз,
Қарап тұрған мен деп біл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарақалпақ қызына өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қарақалпақ қызына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарақалпақ қызына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарақалпақ қызына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері