Ғалиға – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ғалиға» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1451
Елуге келер көп кісі
Еленбей елде бар, жоғы.
Секілді дала шоқысы
Иықтан асқан саржолы.
Қазылып жатыр қазақтың,
Жырында сайрап іздерің.
Өлеңнің отын маздаттың,
Жылуды бойдан үзбедің.
Болушы еді талайдан,
Еліне мағлұм бір шебер.
Өнерін қашан аянған,
Мұрасын ұрпақ сүйсе егер?
Сол шебердей өзіңді,
Тұтынып келдік біз — әрең.
Жүрегін, ыстық сезімді,
Ақылың бәрін дүзеген.
Құтты боп жарты ғасыр бұл,
Ағажан, жаса, өрге тарт,
Көбейген сайын жас бұлбұл,
Көбейе берсін бізде қарт!
Кездесер қиын жол тосын,
Көмекке зәру жастар бар.
Арқамызда мол болсын,
Ақала бас асқарлар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғалиға өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ғалиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғалиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғалиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері