Қайдасың көріктім, гөзелім – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Қайдасың көріктім, гөзелім» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайдасың көріктім, гөзелім
Сен-дағы ойлайсың сеземін.
Жалғызбын білмеймін неліктен
Болса да өз үйім, өз елім.
Едің ғой ақ қанат көгершін,
Қайтейін, өмірің көгерсін!
Әзірге мен бір жан белгісіз,
Әйтеуір соңында көрерсің.
Қатыгез қайсыбір сағатта
Өмірді келеді тастағың.
Сонда да үмітті жоғалтпа
Қаралы күндерден қашпағын.
Сабыр ет, тоқтау қыл, шеше біл,
Тағдырың улы оғын жолдаса.
Өзің-ақ ойлашы, несі өмір
Қуаныш, қайғысы болмаса.
Қай жерде тіршілік өмір бар,
Сол жерде қуаныш, қайғы да.
Болса да алдың құз, артың жар,
Төзе біл, өмір сүр, айныма.


Пікірлер (4)

Аружан

Бізде ертең өлеңнен жарыс және жеңемін

Айжан

Ақиық ақын ағамыздың сыршыл өлеңдерін оқи бергің келеді...

Ұлдана

М.Мақатаев атамыздың өлеңдерін сүйіп оқимын.Өлеңдері терең мағыналы.

Фариза

оқи бергің келеді...оқи бергің келеді...терең мағыналы.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайдасың көріктім, гөзелім өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Қайдасың көріктім, гөзелім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайдасың көріктім, гөзелім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайдасың көріктім, гөзелім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар