Мұқағалиды сағынғанда – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Мұқағалиды сағынғанда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1290
Жыласам жұбатардай, жырласам қуанардай,
Жанымнан табылар деп сәтімде ағалаған.
Жалғыз қап теңізімде, сіз келіп жұбанардай
Сағынып сіз бар күнді іздеймін жағалаудан.
Шығарып бәрін жоққа, шарқ ұрма, шағалалар,
Ұрлама сенімімді, жаншыма жалынымды.
Жалғыз қап бар әлемде сырласы жаға ғана,
Сізді іздеп көңіл шіркін, тағы мұңды.
Тонама тәтті елесті, толқындар, дарақылау,
Қолдама қабағымды, тауыспа тағатымды.
Оралса махаббатым, жоғалар қараңғылар,
Өткенді қайтарар ма, бұрайын сағатымды.
Көк аспан күңіренді жан-жақтан жабыла мұң,
Айырып жіберердей теңізді сабасынан.
Бос әуре, балғындықпен іздеймін, сабыламын
Қыранын Жетісудың Каспийдің жағасынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағалиды сағынғанда өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Мұқағалиды сағынғанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағалиды сағынғанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағалиды сағынғанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері