О, Шәуілдір – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «О, Шәуілдір» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2798
О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.
О, Шәуілдір, Шәуілдір.
Бөлек екен аспаның,
Тебіреніп жас жаным.
Бабалардың Рухынан,
Жырлар оқи бастадым.
Неткен ғажап дастаның!
Сонау Сайрам төсінен,
Сыр бойына көсілген.
Далам ұлы данадай,
Шежіремді көшірген
Кей парағы кесілген.
Үңіліп ем, жан бітіп,
Жусан исін аңқытып.
Шашу шашып әр төбең,
Елжіретті, балқытып
Өз ұлындай шалқытып.
О, Шәуілдір, Шәуілдір
Сен ұқсассың анама,
Қуат берші балаңа.
Кең Жылойдан келдім мен,
Тірек болған далама,
Арыстанбаптай бабама!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

О, Шәуілдір өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

О, Шәуілдір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

О, Шәуілдір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

О, Шәуілдір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері