Төле би – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Төле би» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 9769
Қара қылды қақ жарып,
Әділдіктен нұр жағып.
Ынтымаққа жар салып,
Имандықтан сый тартып,
Кемелдікпен жаңартып,
Қазақтың байтақ жеріне,
Шамшырақ болған жап-жарық.
Үлгі болған ұлы ісі,
Ұлылардың ұлысы,
Ақиқаттың тынысы,
Тәңір өзі сый қылған,
Ел намысын ту қылған,
Ақиқаттың қылышы,
Асқақ рухы дем берген,
Алты Алаштың ырысы.
Таңдай қаққан адамзат,
Күллі Шығыс барысы,
Даналықпен ой тербеп,
Жақындатып алысты,
Көптен алған алғысты!
Биік біткен өресі,
Жер- Ананың төресі
О, Төле-би жан-бабам,
Өзіңе жырын жолдаған.
Қос құлынын жетектеп,
Жылойдан келді бір балаң.
Қабыл болып тілектер,
Лапылдап жанып жүректер,
Арманға қанат сермесін,
Рухыңмен жебеп, медет бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төле би өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Төле би өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Төле би өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төле би өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері