Өлең, жыр, ақындар

Ұшқан әулие ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1458
Мұнайлының кесіп өткен үстінен,
Сенің үнің балам маған естілген.
Қош келіпсің сағындым ғой жақында,
Құлыншағым танып тұрмын исіңнен.
Емдеу үшін адамзаттың жарасын,
Табиғаттан іздей білген жарасым.
Ақын балам саған айтар сырым көп,
Ашайын мен қалың ойдың арнасын.
Ынтымақтың ескермеген қадірін,
Аламанның арандатып алты ұлын.
Бір-біріне күндестері жау қылып,
Әлсіреткен Ата түрік жарығын!
Тұтастығын сақтаймын-деп Түріктің,
Талай батыр қанатымен ерліктің.
От күреген қолыменен аянбай,
Жолын іздеп бақыт толы бірліктің.
Талай дана ақыл айтып егілген,
Талай жырау қабырғасы сөгілген.
Бірақ хандар жаныштаған халықты,
Дүниенің арбасына жегілген,
Қызғаныштан қызыл итке жем болып,
Амал қанша кеткен үміт сенімнен.
Бір-бірімен хандық үшін таласып,
Залымдықпен аямастан қан шашып.
Бағаламай қалың жұртты киелі,
Қор болғаны имандықтан адасып.
Көз алдымда Алтын Ордаң күмбезді,
Кең әлемге бола білген жол ашық!
Ащы болар бірақ шындық айтқаным,
Ұмытпа сен келер ұрпақ ақ таңым.
Ел көгермес жігіт от боп жанбаса,
Қорғау үшін әлдилеген Отанын!
Жер көгермес көктен жауын тамбаса,
Тәңіріңнің құдіретін біл жаным!
Ел болуға бесігіңді жөндей біл,
Кез келгенге құлпын ашпай қақпаңның!
Бірлік- бақыт құт әкелер құсы бар,
Татусыз ел тоз-тоз болып ұтылар.
Түп тамырын күте алмаса қор болып,
Тектілігі бойдан кетіп құр солып,
Мәңгүртеніп қалың сорға жұтылар.
Іргең мықты болсын десең құлдығым,
Бабалардың өсиетін ұғып ал!
Биік ұста ұлттық намыс жалауын,
Ақ жолыңа жалғыз АЛЛА болсын жар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бауыр

  • 0
  • 1

Баспанасыз зардап шеккен соғыстан,
Балғындары қалдырмастан дауылға.
Қара поезд алып жетті алыстан
Тылдағы ел, біздің шалғай ауылға.

Толық

Халел Досмұхамедұлы

  • 0
  • 0

Туған елдің босағасын от шалып,
Арыстармен даналарым тапталып.
Түрмелерде күйзелгенде аштықтын
Намыс ардан үндеу салып көпке анық,

Толық

Шерхан аға!

  • 0
  • 0

Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.

Толық