Тұманша би ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Тұманша би ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1526
Бұл өмірде екі байлық бар,балам,
Қуат қылған жер бетінде ойлы адам.
Біріншісі – тәннің аман, саулығы,
Екіншісі – салихалық ой – арман.
Осы екеуі серік болса жаныңда,
Көп қиындық көрмессің сен жолыңда.
Бабаң өзі Рухымен дем беріп,
Жетелер – ау ізгіліктің бағында.
Жеміс беріп,маңдай термен гүл еңбек,
Дәулет келер бауырыңдай күлімдеп.
Кім бар,бірақ көрге апарған байлығын,
Сараң болма қайырымсыздай дірілдеп.
Қонған бағың болсын десең тұрақты,
Күтіп ұста мінез атты пырақты.
Жан сұлулық өмір бойы қорғаның,
Сыйға тартар балдай тәтті бұлақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұманша би ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұманша би ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұманша би ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тұманша би ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері