Тұрар Рысқұлов – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Тұрар Рысқұлов» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 9389
Дауылдарда қызыл тұман қаптаған,
Қан жаудырып аштықпенен қапталдан.
Зар жылатып еңіретіп халқымды,
Жер бетінен жоқ қылуға оқталған,
Қарсы шығып қанды тырнақ тажалға,
Сескенбестен қарлы құйын оқтардан.
Белді будың құтқаруға еліңді,
Отаршының табанында тапталған!
Шешіп тастап темір шынжыр бұғауын,
Еркіндіктің ұран қылып толғауын.
Азаттықтың ақ жолы үшін күресіп,
Ақиқаттың алаулаттың алауын!
Сыйға тартып алғаш шаттық бақ құсын,
Ашып беріп өмір атты тынысын.
Кеңейтуге жасыл желек өрісін,
Сынға толы ең қауіпті шақтарда,
Бабалардың жаңғыртырып игі ісін,
Жасай біліп қайсарлықтың үлгісін.
Бел бүкпедің дұшпанымның алдында
Тонатпауға туған елдің ырысын.
Жолатпауға құлдың қорлық таңбасын,
Сен бастадың даналықпен көш басын.
Жиырма жаста ел басқарған қаһарман,
Ұлылығың қалай есте қалмасын!
Қалмас үшін тас түнекте адасып,
Ел тұтқасы бостандыққа жол салып.
Сен көрсеттің таңғажайып ерлікті,
Жалаңтөстей қалың жаумен айхасып.
Жалт ойнаттың жау күмбезі үстінде,
Ел жылатқан Тирандарға от шашып.
Прометейдей аңыз болған қалаулы.
Сен үйреттің елді қалай қорғауды.
Былғамастан адалдығын жүректің,
Жолатпауға алауыздық от дауды,
Бабалардың даңқын сақтап ежелгі,
Көк Бөрілік тектілікті сақтауды.
Қастерлеуге Алты Алаштың бірлігін,
Өрге тартып өмір атты ақ тауды!
Қас батырым, алғаш көсем кемеңгер,
Тірек болып ата жұртқа сүйенер.
Қуат құйдың даналықпен жанына,
Қуансын-деп, шаттансын-деп, сүйген ел!
Ұрпақ үшін жолын жалғап ұлы істің,
Озбырлармен аянбастан алыстың.
Ленинбе, Сталинбе жасқанбай,
Өз халқыңның арын жақтап айтыстың!
Қолдау тапқан бар Түркістан елінен,
Сескенген соң Рух толы үніңнен.
Азияның жарық төккен жұлдызын,
Атқылады ағызуға көгімнен,
Айыруға тектіліктің тегінен.
Бірақ бәрі бос үміт ғой үгілген,
Құрта алмады жеңісіңді өлім де,
Келер ұрпақ тапты архивтер түбінен.
Есіміңді ұран қылды жар салып,
Ұландарың айнымаған өзіңнен!
Шыдай білген тағдыр салған сынаққа,
Айналдың да күн сәулелі ғажапқа.
Ұлылықпен азаттықты ұрандап,
Шуағыңды төге біліп жан-жаққа!
Адамзатты ақыл ойға шақырдың,
Жол бермеуге қызыл қырғын апатқа,
Имандықтық алтын тағын бүлдірмей,
Жету үшін бақыт көзі мұратқа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұрар Рысқұлов өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Тұрар Рысқұлов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұрар Рысқұлов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұрар Рысқұлов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері