Өлең, жыр, ақындар

Алтынбек

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1125
Нар еді ол! Елдің жүгін көтерген,
Қайсарлықпен шындық үшін от өрген.
Сескенбестен билігіңнен патшаңнан,
Әділетсіздікке Махамбеттей кектенген!
Өтеу үшін ел алдында парызын,
Ашық айтып ел шағымын арызын.
Көктемдердің тынысындай дем беріп,
Күмбірлеткен ақиқаттың шың құзын.
Келешекте шырқалатын әніңдей,
Оның үні елмен үндес мәңгідей.
Балғын жастан өсіруге қаһарман,
Жол іздеді аянбастан көз ілмей,
Қасиетті елін-жұртын қорғауда,
Баба жолын ерлікпенен жалғауға.
Үйреткен ол адаллықты ту қылып,
Қырандарша биіктерге самғауға!
Байлығымды көк аттыға тонатқан,
Кең даламды бассыздықпен улатқан,
Тұншықтырып қара орманды жылатқан,
Өн бойынан имандығын жоғалтқан,
Дүниеге көзі тоймай құмартқан.
Жемқорлары көр тышқандай түн қатқан.
Ұры-қары жыйнап алып жанына,
Қара бастың шебер болып қамына
Сәуегейсіп қара бұлтты торлатқан,
Әділдікті тұзақ құрып орға атқан,
Жазықсызды торға тығып сорлатқан,
Түзелуге икемсізге бас салып,
Әшкерелеп ел алдында жар салып,
Бел сыбанып күресуге тіл қатқан.
Жалғау үшін аманатын бабамның,
Асыл оймен нұрландырып арманын.
Сабыр сақтап адал жасап тапжылмай,
Батыл басып келер күнге қадамын.
Болашаққа тебірене хат жазып,
Ақиқатпен ұштап алтын қаламын.
Топтан безіп дүние қуған жалтырақ,
Ол майданға шыққан еді жалғыз-ақ.
Қарамады күңкілі көп тобырға,
Түбі шіріп қалатұғын қаңсырап.
Құл болмасқа арын қорғап елімнің,
Бет пердесін жыртып тоймас перінің.
Ерлікпенен еркіндікке жол жасап,
Ақтай біліп ата-жұрттың сенімін.
Самғауменен өршеленіп жеңіске,
Көрсете алып сын күресте өрлігін.
Бой бермеді сатқындарға опасыз,
Жалбаңдаған иесіне төрінің!
Кешсе дағы бастан небір бейнетті,
Таңырқатты ізгі ойымен жер көкті.
Табынбады бір Тәңірден басқаға,
Қалап алып ұлттық намыс өжетті.
Бабалардың жеңіс іздеп ізінен,
Күреске үндеп, ерліктерін үлгі етті.
Залымдықтан қорғай біліп нар халқын,
Қастерледі өнегелі ел салтын.
Ұран қылып тілім менен дінімді,
Содан ұқты өсер елдің өр даңқын,
Ардақты істің тайсалмады жолында,
Сезімі биік ойшыл тұлға ақжарқын!
Адамзаттың сеніп ақыл ойына,
Қарсы тұрып дүлей дауыл құйынға.
Талап етті әділ заңын халқының,
Қан жүгіртіп шындығымның бойына.
Арылуға азғындықтың кірінен,
Тас лақтырып құзғындардың қойнына.
Қоқыс қоқым жаман жәутік жинаған,
Боқтықтарын тастауға да қимаған,
Күш зорлықпен әлсіздерді қинаған.
Көңілі соқыр менмендерді сынады ол,
Қиып түсер шындықпенен шырқап ән.!
Қараңғыны қақ жаруға үмітпен,
Арқа сүйер халқын сүйіп жүрекпен.
Тарихының аршу үшін алтынын,
Ұлттық рухын ақ ту қылып өрлікпен.
«Алаш»- болып қасиетті ұраны,
Қуат іздеп бірлікпенен елдіктен.
Айнымай бір құлқын үшін тағыдан
Қолын сүйіп жеке басқа табынған.
Сорлыларды адал өмір сүруге,
Шақырды ол, жарық сыйлап жалыннан!
Бұл тірлікте танығанын, білгенін,
Адалдықпен, әділдікпен сүйгенін.
Көкірегіне зерделеумен түйгенін,
Жұтса дағы сан азаптың кермегін,
Өзі болып бабам төккен терменің.
Қылмыстарын биліктегі кереңнің,
Ақтарды да бұқарадан жасырмай,
Жан аямай жеткізді ой тереңін.
Дұшпандарын сорға тірі батырып,
Құрсауларын найза тілмен қақ тіліп,
Шаң тозаңын жәдігөйлердің қақтырып,
Нажағайдай көктен түскен атылып,
Көк бөрідей жауын жерге батырып,
Жасай білді қайсарлықпен батырлық.
Еркіндігім алу үшін кең тыныс,
Барша жұртты парасатқа шақырып.
Қайсарлықпен серпіп қара бұлтыңды,
Қаһарман ұл алға тынбай ұмтылды.
Белін буды бас болуға ұлы істе,
Бірақ әттең,
Құлегердей жығылды!
Өліп кетті!
Қарақшыдан жол тосқан,
Бірақ ісі келешекпен жалғасқан.
Кең даламда өршіп Рухы кезіп жүр,
Болашақты армандаумен тынбастан.
Туған елін сүйе білер жас Алаш.
Қадірлей біл бұлақ көзін ол ашқан!
Өз қолыңда ұлы мекен тағдыры,
Кешірмейді Отан анаң адассаң.
Таңғажайып ерліктерді жасай біл,
Елің үшін қанаттарың талмастан,
Саған үлгі Алтынбегім оққа ұшқан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен

  • 0
  • 0

Сан ғасырлар еркіндікке күрескен,
Қилы-қилы тағдыры бар мұң кешкен.
Менің сүйген қасиетті Отаным,
Әуел бастан ерлікпенен бірге өскен.

Толық

Келешек иелеріне

  • 0
  • 0

Көтеруге ел сенімі мол жүкті,
Ұғындыңба азаматтық міндетті.
Болашаққа қандай жолды таңдадың,
Шырақ қылып кеудеңдегі жүректі,

Толық

Тұмар қыз (Томирис)

  • 0
  • 3

Өн бойымда тулап Түркі от қаным,
Қолға ұстасам ұлы дала кітабын.
Сағымдардан желкен құрып өрлікпен,
Ғасырлардың тік көтеріп ақ таңын.

Толық

Қарап көріңіз