Ақша қар – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Ақша қар» атты Сапарғали Бегалин жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 3713
Ақша қар жауып ашылып,
Жайнады мөлдір көк аспан.
Шұғыласы қарға шашылып,
Күн әлемге нұр шашқан.
Қардан көрпе жамылып,
Бүркенді торғын қара жер.
Ұлпаға орман малынып,
Солқылдар бұтақ, ессе жел.
Бөбектің сүйіп бетінен,
Аймаласа ызғырық.
Ойнақтап ұлан лепірген,
Шаңғысын қарға сыздырып.
Айнадай аспан асқар тау,
Айнала өмір думаны.
Серпілген ашық омырау,
Жүйріктей жүйткіп дудағы.
Ойнақтаса ұландар,
Қиядан зырлап шүйіліп,
Мұнда өнер бар, сан сыры бар...
Қуанам мен де сүйініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақша қар өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Ақша қар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақша қар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақша қар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері