Эпилог – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Эпилог» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1662
Ол күндер жатыр алыс әлдеқайда,
Аққозы, көпес Садық, Нұрлан бай да
Жоғалған, із - тозы жоқ олар түгіл,
Талай жыл, талай жаңа туған ай да.
Қырқалап қилы заман жыл шұбырды,
Өзіне арман болған ауыр сырды,
Жеткізді бізге әкеліп өз аузынан
Абақ қарт заман кешкен асып қырды.
Кей кезде есіне алып Мариясын,
Абақ қарт алады іркіп көзден жасын,
Шіркін-ай, осы өмірді көрер ме еді,
Достықпен алуан ұлт тең қосқан басын.
Дейді ол - бүгін менде өлшеусіз бақ,
Өсірдім талай-талай бақытты ұрпақ.
Қарт десең қарқылдайды: - жаным жас қой,
Келді,- деп,- жаңа маған жасасар шақ.
Бізге айтқан ертедегі шал арманын,
Менің де ортақтасып еске алғаным.
Алдына жас оқушы тарттым кеңес,
Келешек толықтырар кем қалғанын.
Ел сүйген ерлік ісін ер өлер ме,
Қиямет ер еңбекке теңелер ме. Арқа,
Сыр, Алатауда айтады ертек,
Абақтың аңызы,- деп бүгінгі ел де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эпилог өлеңінің авторы кім?

Сапарғали Бегалин — осы өлеңнің авторы.

Эпилог өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эпилог өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сапарғали Бегалин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эпилог өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері