Әжемнің зиратында – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Әжемнің зиратында» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2019
  • 0
  • 0
  • 7767
Тумай жатып мен қанша аза көрдім,
Тармағымын шумағы аз өлеңнің ...
Ақ әжеме орнатқан мынау күмбез —
Кимешегі тәрізді ақ әжемнің.
Шыққан тұңғыш әйелден пайғамбардай
Әжем ғой бұл! —
Ажалға қайран қандай?!
Бейне ағзоннан тіктірген кимешегі
Тоза - тоза ақ тасқа айналғандай.
Үлестіріп тірліктің бар жыртысын,
Баққа жорып көретін әрбір түсін;
Батты терең ...
Кіршіксіз кимешектің
Жазғым келіп кетеді әр қыртысын.
Тас моланы құшақтап сүймес едім,
Келсем болды-ақ тосын бір күй кешемін. —
Әжем шыға келердей жер астынан,
Басындағы шешіп ап кимешегін ...

28.05.1983 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әжемнің зиратында өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Әжемнің зиратында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әжемнің зиратында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әжемнің зиратында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері