Тасқа сіңген – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Тасқа сіңген» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1832
Бір қыз көрдім мен таудың өңешінен,
Қалғым келмей айрылып елесінен,
Жан ұшыра жүгірген мені көріп,
Адасқан деп ойлады ел есінен.
Жаным ұлып, сөнердей ғаріп үміт,
Айқай салдым, қылдым да бәрін ұмыт.
Даусымды естіп артына сәл бұрылды,
Дидарына жүректің қаны жұғып.
Мені көріп жүзімнен өпті демі,
Оралмады мойныма тек білегі.
Аяй қарап, сынықсып тұрды да үнсіз,
Жалт бұрылып қайтадан кетті кері.
Кетті кері.
Қақпасын ашты асығып,
Қалды артында қураған қасқа шыбық.
Көйлегінің орнында сағым толқып,
Жоғалды қыз без қара тасқа сіңіп.
Өрмелеймін биікке мен де аз аттап,
Түрпілі сөз, тікен көз енді азаптап.
Қара тасқа үңілген маған қарап,
Мәз болады етекте ел мазақтап.
Мені аймалап биіктің боран, желі,
Жолды бітеп тастады соғар кері.
Шуылдасқан көп елге етектегі,
Қайтып барғым келмей жүр содан бері.
Жас домалап көзімнен тастан да ірі,
Езеді кеп еңсемді аспан жүгі.
Мен қалайда сол қызға жолығамын,
Қара тастың қақпасын ашқан күні...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасқа сіңген өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Тасқа сіңген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасқа сіңген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасқа сіңген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері