Өлең, жыр, ақындар

Жер жүзіне...

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 8
  • 30858
Жер жүзiне ер атағым жайылған,
Жан емеспiн оттан, судан тайынған.
Қайраты мол қандыбалақ қыранмын,
Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.

Еркiн ырғып шыққам асқар Алтайға,
Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға.
Талай тайғақ, тар кешуде таймаған
Батыр жүрек, қайрат ендi алдай ма?!

Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер,
Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер.
Бiр барқылдақ жалпылдаған төбеттен
Қорқар болсам, жұтсын менi қара жер!



Пікірлер (8)

Шынгыс

Оте жақсы пайдалы сайт.Алла разы болсын енбенизге

Меруерт

Өте кушты өлен ????

Меруерт емес атым

Білмейи

Аружан

Өте керемет Мағжан Жұмабаев атамыздың 42 өлеңін білем бәрінен ұнағаны туған жер барлығы керемет

Рабига

(  ̄▽ ̄)( ≧∀≦)ノ( ≧∀≦)ノкеремет ан екен

Айша

Мағжан Жұмабаев
Жер жүзіне...

Толғанай

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Тірілдім

  • 0
  • 2

Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.

Толық

Оқжетпестің қиясында

  • 0
  • 2

Арқада Бурабайға жер жетпейді,
Басқа жер ойды ондай тербетпейді.
Бурабайдың көлі мен Көкшетауды
Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.

Толық

Тұтқын (М.Д.-ға хат)

  • 1
  • 6

Кеудеде – от, iште – жалын, көзде – жас,
Күнi-түнi қайғы жұтқан сорлы бас.
Сабан төсек, дым, қараңғы жатағы,
Наны қара, шайы қара, қарны аш.

Толық