Ерден атайдың ертегісі – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерден атайдың ертегісі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 6907
Әні: Ескендір Xасанғалиевтікі

Кел, балалар, тұрмаңдар,
Бізде қызық, думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар.

Қайырмасы:
«Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен...»
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен.
Түрлі-түрлі ертегі
Тұла бойды ерітеді.
Ертеде өткен ерлердің
Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы.

Қиялдаймыз, самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерден атайдың ертегісі өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ерден атайдың ертегісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерден атайдың ертегісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерден атайдың ертегісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері