Пингвин – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Пингвин» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2920
Аталғанмен құс болып,
Пингвиндер ұшпайды.
Көрген емес еш тоңып,
Мұхиттарда қыстайды.
Қатар-қатар тізіліп,
Маң-маң басып жүреді.
Сонда жақсы қызынып,
Тоңбайтынын біледі.
Баласының тамағын
Теңіздерден тереді.
Өзі жеген шабағын
Қайта құсып береді.
Қар жамылып,
Мұз жалап,
Мұхиттарды кешеді.
Содан олар мұзбалақ,
Төзімді боп өседі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пингвин өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Пингвин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пингвин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пингвин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері