Көкек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көкек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1615
Көктем күні болғанда,
Құстар келіп жырлайды
Бұлбұл сайрап орманда,
Бар табиғат тыңдайды.
Көкек сонда «көкектеп»,
Сұңқылдауын қоймайды.
Көктем күнін жетектеп,
Жеткіздім деп ойлайды.
Басқа құстар ұя сап,
Жұмыртқалап жатқанда,
Өз міндетін жия сап,
Басады ол мақтанға.
Талдан-талға секектеп,
Бар дауысын соза тым:
«Кө-кек, кө-кек, кө-кек!» –
Шақырады өз атын.
Жұмыртқасын апарып,
Өзге ұяға салады.
Қатыгез құс атанып,
Баспанасыз қалады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкек өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көкек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері